16:00-дегі жағдай бойынша 6 млн 250 мыңнан астам азамат дауыс берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Республика бойынша сайлау барысында сайлаушылардың 51,98 пайызы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16:00-дегі жағдай бойынша 6 млн 250 мыңнан астам азамат дауыс берді

Оның атап өтуінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өңірлер бойынша дауыс беру нәтижелері мынадай:

1. Абай облысы бойынша – 55,23%

2. Ақмола облысы бойынша – 58,96%

3. Ақтөбе облысы бойынша – 56,32%

4. Алматы облысы бойынша – 59,45%

5. Атырау облысы бойынша – 48,15%

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 58,61%

7. Жамбыл облысы бойынша – 64,78%

8. Жетісу облысы бойынша – 54,82%

9. Қарағанды облысы бойынша – 58,21%

10. Қостанай облысы бойынша – 64,81%

11. Қызылорда облысы бойынша – 64,95%

12. Маңғыстау облысы бойынша – 53,84%

13. Павлодар облысы бойынша – 58,43%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,66%

15. Түркістан облысы бойынша – 49,14%

16. Ұлытау облысы бойынша – 58,26%

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 63,09%

18. Астана қаласы бойынша – 38,57%

19. Алматы қаласы бойынша – 19,14%

20. Шымкент қаласы бойынша – 42,31%

«Жалпы, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 254 837 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 51,98 пайызын құрайды», - деді Асылбек Смағұлов.

Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 18:10, 19:00 және 20:10-да берілетін болады. Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ОСК сағат 22:10-те ұсынады.

Қазіргі уақытта дауыс беру 10 164 сайлау учаскесінде өтуде.