16,9 мың адам коронавирус инфекциясынан емделіп жүр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда 16 977 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«29 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 16 977 адам коронавирус инфекциясынан (–14 954+ және 2 023 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 524 пациент стационарда жатыр, 14 453 науқас амбулаторияда емделіп жүр», делінген хабарламада.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 221 адамның жағдайы ауыр, 67 пациенттің жағдайы өте ауыр, 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.