16 ақпан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 16 ақпанға арналған күнтізбесін ұсынады.

16 ақпан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

16 ақпан ЖЕКСЕНБІ

Ресейдің Энергетика министрлігі мұрағатының күні. Бұл мерекенің тарихы 1939 жылдың 24 қаңтарында КСРО Электрстансасы және электрөндірісі Халықтық комиссариатымен басталған. Алайда мұрағаттың құрылған күні деп 1939 жылдың 16 ақпаны саналады. Бұл күні өз міндетіне Орталық мұрағаттың мұрағат сақтаушысы Е.Л.Семенова мен Техникалық мұрағаттың аға мұрағатшысы Ю.О. Кулеш өз қызметіне кіріскен.

Литва Республикасының Ұлттық мейрамы. Литва мемлекеттілігінің қалпына келтірілген күні (1918). Литва - Балтық теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан мемлекет. Астанасы - Вильнюс қаласы. Ресми тілі - литван тілі. Ақша бірлігі - лит. Мемлекет басшысы - Президент. Жоғарғы заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Сейм. Атқарушы билікті Министрлер Кабинеті жүзеге асырады.

Литва индустриялы-аграрлы ел. Экономикасының жетекші салалары - машина жасау, металл, ағаш өңдеу, химия, тамақ, тоқыма өнеркәсіптері. Мал шаруашылығы мен балық аулау да жоғары дамыған. Экспортының негізін мұнай өнімдері, машина, құрал-жабдық, тамақ, тоқыма өнімдері құрайды. Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 15-інде орнатылды.

КХДР Президенті Ким Чен Ирдің туған күні. Ким Чен Ир 1942 жылы 16 ақпанда дүниеге келген. Ол «ұлы саяси жетекші» Ким Ир Сеннің ұлы. Саяси мансабын 1961 жылы Кореяның Еңбек партиясына кіріп бастады. 1973 жылы партияның ОК Хатшысы болып сайланып, кейін КЕП ОК Саяси бюросының мүшесі болды.

1980 жылы Ким Чен Ир ОК Саяси бюросы Президиумының мүшесі атанып, ресми үгіт-насихатта оның ақылы мен көшбасшылық қасиеттері мақтанышпен айтылды. 1991-1992 жылдары генералиссимус атанып, КХДР Маршалы атағына ие болды. Ал 1994 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін ол ел билігін өз қолына алып, мемлекеттің ресми көшбасшысы атанды.

Ким Чен Ир 2011 жылы өмірден озды. Оның мұрагерлік тағына үшінші ұлы Ким Чен Ын отырды. КХДР-да Ким Чен Ирге табыну дамыған. Бұған оның есімін атаған кезде міндетті түрде айтылуы тиіс 30 мәртебелі сөз дәлел бола алады.

АҚШ-та президенттер күні. Ұлттың негізін қалаушылары саналатын А.Линкольннің туған күнінен (ақпанның 12-і ) кейінгі және Дж.Вашингтонның туған күнінің (ақпанның 22-і) алдындағы дүйсенбіде атап өтіледі.

АҚШ-та ұлттық бадам күні. АҚШ-та бадам алғаш рет 1840 жылы өсіріле бастады. Техас, Нью-Мексико және Джорджия штаттарында бадам өсіру туралы алғашқы қадам сәтсіз болды. Себебі, оңтүстік штаттардың ыстық ауасына ол бөсе қоймады. 1850 жылдары алғашқы балам алқаптары Калифорния штатында пайда болды. Қазір аталмыш аймақ әлем бойынша бадам өсіруде көшбасшы болып тұр.

Исландиядағы әйелдері күні. Аталмыш мереке 19 ғасырдан бері тойланып келеді. Бұл күні елдегі ер азаматтар әйелдеріне сыйлық ретінде үй шаруасын өздері тыңдырып, таңғы асын төсегіне әкеліп беретін болған. Гүл шоқтары кейін аталмыш мерекенің символына айналды. Қазір бұл күні арнайы комиссия таңдайтын рецепт бойынша елдің барлық кондитерлік дүкендері бірдей істеп сататын «Жыл тортын» сыйлау сәнге айналған.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

19 жыл бұрын (1995) ҚР Президенті Н.Назарбаев елдегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездескен кезде Республика Президентінің жанынан консультативтік орган ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясын құруды ұсынды.

14 жыл бұрын (2000) Шымкентте қазақстандық-пәкістандық «Фэшн Лэнд» тоқыма фабрикасының ашылу салтанаты өтті.

4 жыл бұрын (2010) Алматыда «Kazakhstan-Germany: Expand Your Business at the Heart of Central Asia» қазақстан-германиялық инвестициялық форумы өтті.

3 жыл (2010) бұрын қарағандылық студенттер республика бойынша Құрманғазының «Сарыарқа» күйін жаппай орындауға қатысты. Бұл күні елдері барлық ЖЖО-да Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап «Сарыарқа» күйі орындалған болатын.

3 жыл бұрын (2010) Астанада Ұлттық академиялық кітапханада «Абайтану» интеллектуалдық оқу-әдістемелік кешенінің таныстырылымы өтті.

2 жыл бұрын (2012) Мемлекет басшысы «Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» заңға қол қойды. Аталған заң азаматтардың әскери борышын өтеуі мен әскери қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы туралы.

1 жыл бұрын (2013) Павлодарда жасөспірімдерге арналған әскери-спорт клубы ашылды. Бұл қаладағы парашют пен су асты спорты және қоян-қолтық ұрыс мәнерін үйренгісі келетін жасөспірімдерге арналған алғашқы клуб.

1 жыл бұрын (2013) Алматыдағы Республика сарайныда алғаш рет «Қазақстандағы шансон жұлдыздары» халықаралық фестивалі өтті. Онда Любовь Успенская, Вилли Токарев, Жанна Прохорина мен «Вороавайки» тобының әндері шырқалды.

Шансон - қалалық романс, бард әндері сынды кеңейтілген музыкалық бағыт. Бұл жанрдың ерекшелігі, оны элдиталық мейманханалардан бастап, қоғамдық көліктердің өзінде шырқалатындығында.

1 жыл бұрын (2013) Астанада «Франция-Қазақстан» халықаралық көрмесі ашылды. Оған Мартин Ривази-Оффан, Ұмсын Арқабаева, Армат Бектас, Ерлан Назаркұл, Гүльмира Тельгозиева, Еркінбек Есімов, Ералы Досмағанбетов және Жаннетт Әбиш қатысты.

292 жыл бұрын (1722) Ресей императоры Петр I ертеден сақталып келген тақ мұрагерлігін тек ер адамдарға ғана беруге тыйым салған жарлыққа қол қойды. Соған сәйкес, тақ мұрагері монархтың қалауы бойынша тағайындалатын болды. 1797 жылы Павел І бұл жарлықтың күшін жойды.

96 жыл бұрын (1918) Тәуелсіз Кубань Халық Республикасы жарияланды.

66 жыл бұрын (1948) америкалық астроном Джерард Койпер Уранға ең жақын және ең кіші жерсерікті ашты. Ол оны Уильям Шекспирдің «Дауылындағы» персонаждың құрметіне Миранда деп атады. Айта кетерлігі, Уранның жерсеріктерін Шекспир мен Поуп шығармаларының кейіпкерлерінің есімімен атау дәстүрі қалыптасқан.

57 жыл бұрын (1957) КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Батып бара жатқандарды құтқарғаны үшін» медалі тағайындалды.

46 жыл бұрын (1968) тарихта алғаш ретін 911 жедел қызметіне алғашқы телефон қоңырауы түсті. Хейлевилль - АҚШ-тағы құтқару қызметі жұмыс істей бастаған алғашқы қала. Бүгінде 911 қызметіне алғаш рет қоңырау шалынған телефон Хейлевилль мұражайында сақтаулы тұр.

36 жыл бұрын (1978) Чикагода (Иллинойс штаты, АҚШ) бірінші электронды жарнама тақтайы BBS іске қосылды. Кабельді компьютер сирек қолданылған кезде тұтынушылардың арасында телефон желілері арқылы байланыс жасаудың бұл түрі кең тараған.

8 жыл бұрын (2006) Американың әскерінде соңғы жылжымалы хирургиялық госпиталь жұмыс істей бастады. Мұндай госпитальдер алғаш рет 1945 жылы Кореяда соғыс кезінде пайдаланылған.

22 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Жаңа Зеландия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы ноталарды ауыстыру өтті.

1 8 жыл бұрын (1996) «Жамбыл» - «Тараз» апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді. Бастапқыда газет орыс тілінде жарық көріп, қосымша қазақ тілінде де мақалалар басылып тұрды. 2002 жылғы наурыздан бастап қазақ және орыс тілдерінде бөлек шыға бастады. Қазіргі кезде газеттің таралымы орыс тілінде 11 мың, қазақ тілінде 4 мың дананы құрайды.

1 4 жыл бұрын (2000) Шымкентте «Фэшн Лэнд» қазақстандық-пәкістандық біріккен тігін фабрикасының ашылу салтанаты өтті.

1 4 жыл бұрын (2000) Алматыда Абылай хан атындағы қордың президенті Шота Уәлиханов Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа «Ғасыр саңлағы» алтын медалін тапсырды.

4 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми веб-сайты өз атауын өзгертті. Еліміздің бас әскери ведомствосының Интернет-ресурсы бұдан былай электрондық Үкіметтің платформасына орналастырылды және оның атауы www.mod.gov.kz.

2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан www.mod.kz сайты Интернет-кеңістікте тағы біраз уақыт жұмыс істейді. Бірақ, біртіндеп оны жаңа сайт толық алмастыратын болады.

4 жыл бұрын (2010) Қазақ ұлттық музыка академиясының атауы Қазақ ұлттық өнер университеті болып өзгертілді.

Қазақ ұлттық музыка академиясы өнердің барлық жанры мен бағыттарын қамтитын университетке айналды. Онда музыкамен қатар хореография, өнертану, бейнелеу өнерінің түрлері, мүсін, дизайн, кино, телевидение бойынша мамандықтар ашылды.

Қазақ ұлттық музыка академиясы 1998 жылы наурыздың 31-інде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен және бастамасымен құрылған болатын.

4 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекара маңы ынтымақтастығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.

7 жыл бұрын (2007) Сапарғали Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Қуырмаш» жинағының тұсаукесері өтті.

«Алматыкітап» баспасынан жарық көрген «Қуырмаш» жинағы жоғары сапада безендірілген. Бесік жырлары, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мақал-мәтелдер және төрт түлік турасында жырларды қамтитын кітапта балалардың жас ерекшелігі де ескерілген. Сондықтан ондағы жырлар 2-3 жастағы, 4-5 жастағы және 6-7 жастағы балаларға лайықталып, жеке-жеке бөлімдерге тармақталып берілген.

8 жыл бұрын (2006) елордадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында Мұхтар Шахановтың «Шыңғыс ханның пенделік құпиясы (Көз жұмар шақтағы арпалыс)» атты драмалық туындысының француз тіліндегі басылымының таныстырылымы болды.

Пьесаны француз тіліне оқытушы Гүлнәр Сәрсекеева мен Француз альянсының президенті Брижит Брефор аударды. Таныстырылым барысында пьесаның француз тіліндегі үлгісі Мұхтар Шахановқа табыс етілді. Брижит Брефордың айтуынша, кітап Францияда 2005 жылдың қараша айында басылып шыққан және аталмыш шығармаға оқырмандар мен театр ұжымдары зор қызығушылық танытқан көрінеді.

8 жыл бұрын (2006) Мәскеуде Ұлытау тобының «Jymyr Kylysh» альбомының таныстырылымы өтті.

Жұмыр және Қылыш - қазақ батырларының есімі. Домбыра мен қобыздың орындауындағы этникалық әуенді ауыр рок, блюз әуенімен сүйемелдеп орындап жүрген музыканттар алғашқы дискілерін шабытпен жазған.

9 жыл бұрын (2005) «Қазақстан» баспасынан, «Тұлға және уақыт» сериясынан «Ебіней Бөкетов» атты кітап жарық көрді. Авторы - танымал жазушы Медеу Сәрсеке. Е.Бөкетов (1925-1983) - қазақтың танымал ғалымы және педагог, техникалық ғылымдарының докторы, академик, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері. Өзі көп жылдар бойы басқарған Қарағанды мемлекеттік университетіне есімі берілген.

111 жыл бұрын (1903) тіске пломбы салуда алғаш рет фарфор пайдаланылды.

ЕСІМДЕР

119 жыл бұрын (1895-1946) театр суретшісі, кинорежиссер, Қазақстанның халық суретшісі ЛЕВИН Моисей Зелекович дүниеге келді.Ресей Федерациясының Санкт-Петербор қаласында туған. Негізінен Санкт-Петербор театрларында қызмет етті.

Б.Лавреневтің «Разлом», А.Сухово-Кобылинаның «Смерть Тарелкина», К.Треневтің «Любовь Яровая», А.Горькийдің «Егор Булычев и другие», Н.Погодиннің «Мой друг», М.Мусоргскийдің «Сорочинская ярмарка», В.Киршонның «Чудесный сплав» спектакльдеріне декорациялар жасаған. Эмоциалды және психологиялық бояуының қанықтығы, бейнелі жинақтылық - оның таңдаулы спектакльдері декорациясына тән қасиет.

30-жылдардың аяғында кино өнерімен шұғылданды. В.Иванов, Б.Майлин, Ғ.Мүсіреповпен бірлесіп, жазған сценарийі негізінде «Амангелді», М.Әуезовтің сценарийі бойынша «Райхан» атты көркем фильмдерді қойып, қазақ кино өнерінің дамуына үлкен үлес қосты.

8 1 жыл бұрын (1933) философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Президенттің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты ӘБДІЛДИН Жабайхан Мүбаракұлы дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Ғылым академиясы Философия және құқық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директоры болған. 1984-1986 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы. 1986-1994 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының вице-президенті. 1996-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы. 2005 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

2-ші дәрежелі «Барыс», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

7 9 жыл бұрын (1935) қазақстандық хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының және Нью-Йорк Ғылым Академиясының академигі ЛОХВИЦКИЙ Сергей Викторович дүниеге келді.

Мәскеу қаласында туған. Мәскеудің 1-ші Медицина институтын бітірген.

Ол Қазақстанда алғаш рет қолдың саусақтарына микрохирургиялық операция жасауды жүзеге асырды. Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасында және басқа да емдеу орындарында 30 жыл ішінде 20 мыңнан астам операциялар жасады.

С.Лоховицкий республикада алғашқылардың бірі болып Мемлекеттік емес хирургиялық клиника ұйымдастырды. Ол балалар үйлерінің және бөбектер үйлерінің тәрбиеленушілерін оперативті емдеу жөнінде бірнеше қайырымдылық акцияларын өткізді.

100 өнертабыстың, 600-ден астам ғылыми еңбектің, соның ішінде 18-і монография авторы. 20 ғылым докторы мен 98 кандидат дайындаған.

Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. Денсаулық сақтау ісінің үздігі.

7 6 жыл бұрын (1938) Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, техника ғылымының докторы, Қазақ КСР жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері ХАМЗИН Сәбит Құрашұлы дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. Ленинград инженерлік құрылыс институтын және аспирантурасын бітірген. Өскемен, Ақмола қалаларындағы жоғары оқу орындарында оқытушылық қызметте болған. 1987 жылдан Ақмола инженерлік құрылыс институтының кафедра меңгерушісі болған. Ғалымның негізгі ғылыми жұмыстары бетон және темір-бетон бұйымдарын өндіру технологиясын жақсартуға және Солтүстік Қазақстан облысының табиғат жағдайына байланыстық жергілікті өнімдерді қолана отырып бөлшектер өндіру технологияларын жақсартуға бағытталған. 40-тан астам ғылыми еңбегі жарық көрген. Авторлық куәлігі бар.

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

6 3 жыл бұрын (1951) Қарағанды облысы бойынша жер қатынастары басқармасының бастығы АЛТЫНБЕКОВ Тұрар Ахметұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында туған. Қарағанды кооператив институтын (қазіргі Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті) бітірген.

1974-1982 жылдары - Шет аудандық тұтыну одағының есепші-ревизоры, 1982-1991 жылдары - Ағадыр аудандық партия комитетінің нұсқаушы, бөлім меңгерушісі, Жезқазған облыстық партия комитеті бастығының орынбасары, батығы, 1991-2002 жылдары - Жезқазған облыстық ауылшаруашылық басқармасы бастығының бірінші орынбасары, орынбасары, бөлім бастығы, Қарағанды облыстық ауылшаруашылығы департаменті бастығының міндетін атқарушы, орынбасары, болім меңгерушісі. 2002-2004 жылдары - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің орынбасары, 2004-2010 жылдары - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімі қызметтерін атқарған. 2010 жылдың тамыз айынан бастап - қазіргі қызметінде.

4 6 жыл бұрын (1968) техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының корреспондент мүшесі ӘЛІМЖАНОВ Айбар Мұратбекұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Ғылым академиясы механика және машинатану институтының кіші, аға ғылыми қызметкері болған. 1999-2000 жылдары - Қазақ көлік және коммуникация академиясының кафедра меңгерушісі. 2000 жылдан Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры.

6 5 жыл бұрын (1949) Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдар академиясының академигі БОЗЫМОВ Қазыбай Қарабайұлы дүниеге келді.

Қызылорда облысының Арал ауданында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, Бүкілресейлік метрологиялық қызмет ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарған. 1996-2000 жылдары - Батыс Қазақстан аграрлық университетінің бірінші проректоры. 2000-2002 жылдары - Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық институтының ректоры. Қазіргі қызметінде 2002 жылдан бастап істейді.

Медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

5 7 жыл бұрын (1957) «Қазтелерадио» АҚ Қостанай облыстық телерадиохабарларын тарату филиалының директоры ТӨЛЕКОВ Бақыт Кенебайұлы дүниеге келді.

Қызылорда қаласында туған. Алматы энергетикалық институтының радиобайланыс және радиотехника факультетін бітірген, радиоинженер. 1980 жылдан ауысым аға электр механигі: 1983 жылдан - ауысым бастығы; 1995 жылдан ҚазақКСР Байланыс министрлігініің №1 радиоорталығы тарату цехының бастығы. 1997 жылдан - «Алтай» цехы бастығының орынбасары. 1998 жылдан ҚР Байланс министрлігі «Көктөбе» РМК «Алтай» РТС радиожабдықтар бөлімінің бастығы. 2000 жылдан - «Қазтелерадио» ААҚ Алматы облыстық радиотелевизия хабарларын тарату орталығы филиалының техникалық директоры. Кейін Алматы және Қостанай облыстары бойынша «Қазтелерадио» АҚ Қостанай облыстық телерадиохабарларын тарату филиалының директоры қызметін атқарған.

54 жыл бұрын (1960) ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары КЕНЕНБАЕВ Ерлік Әбдірақымұлы дүниеге келді.

Талдықорған облысы Панфилов ауданы Басқыншы ауылында дүниеге келген. 1985 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы - құқықтанушы. Құқық қорғау органдарындағы қызметін 1985 жылы Маңғышлақ облысының Шевченко қаласындағы прокуратурада аға тергеуші болып бастады. 1985-2002 жылдары прокуратура органдарында түрлі басшылық лауазымдарды атқарды. 2002-2005 жылы - Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы. 2005-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары. 2007 жылғы қаңтар - қазан аралығында - Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі. 2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 2009-2012 жылдары - Алматы облысының прокуроры. 2012 жылғы ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.

Бірқатар ведомстволық және үкіметтік наградалары бар.

5 3 жыл бұрын (1961) ғалым-агроном, саясаттанушы, «Вечерний Алматы» газетінің бас редакторы ЖОРОВ Николай Николаевич дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында туған. Омбы ауылшаруашылық институтын, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген.

1982-1983 жылдары - Возвышенко ауылының мемлекеттік сорт сынау үлескілерінде сынаушы-агроном, 1983-1984 жылдары - кеңшар бөлімшесінің басқарушысы, 1984-1985 жылдары - аудандық «За коммунизм» газетінің тілшісі, 1985-1986 жылдары - Возвышенко ЛКЖО аудандық комитетінде ұйымдастырушы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1986-1990 жылдары - Сейфуллин ауылдық кеңесі атқарушы комитетінің төрағасы, 1991-1997 жылдары - «Казахстанская правда» газетінің тілшісі, Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі, 1997-2002 жылдары - «Казахстанская правда» газетінің директоры, 2002-2007 жылдары - «Аргументы и факты Казахстан» газетінің меншікті тілшісі, 2005-2006 жылдары - «Республика KZ» газетінің бас редакторы, 2006-2007 жылдары - Орал қаласындағы «Жайық пресс» ЖШС-ның бас директоры, 2007-2009 жылдары - «Аргументы и факты Казахстан» газеті бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдың маусым айынан - қазіргі қызметінде.

4 3 жыл бұрын (1971) Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі ҚАРАУЫЛОВ Қанат Серікұлы дүниеге келді.

Целиноград облысында туған. Қазақ тұтынушылар кооперативтік институтын бітірген, қаржыгер. 1999 жылы - «Азық-түлік корпорациясы» ЖАҚ астықты сақтау, өткізу және тасымалдауды ұйымдастыру басқармасының көліктік-экспедициялық бөлімінің маманы. 1999-2006 жылдары - «Азық-түлік корпорациясы» ЖАҚ Ақмола облыстық өкілдігінің жетекші, бас маманы, сатып алу және өткізу басқармасының келісім-шарт бөлімінің бастығы, директоры. 2006 жылы «Азық-түлік корпорациясы» АҚ басқарушы директоры, астықты саттып алу және өткізу департаментінің директоры. 2006-2008 жылдары - «ҚазАгроКепілдік» АҚ «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау кепілдігі қоры» АҚ басқарма төрағасы, «ҚазАгроКепілдік» АҚ басқарма төрағасы. 2008-2010 жылдары - ҚР Президенті Іс басқармасының жоспарлау және бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2010-2013 жылдары - ҚР Президенті Іс басқармасының бағынышты ұйымдарын басқару бөлімінің меңгерушісі. Қазіргі қызметінде - 2013 жылдың маусымнан бері.

3 9 жыл бұрын (1975) «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары ТӘЖІБАЕВА Сәуле Мұсақызы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, экономист. 1995-1997 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жетекші маманы. 1997-2000 жылдары ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің жетекші, бас маманы. 2000-2002 жлдары - Денсаулық сақтау істері агенттігінің жетекші, бас маманы. 2002-2007 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығының міндетін атқарушы, экономика және қаржы департаментінің директоры. 2008-2009 жылдары - «ҚазТрансГаз» АҚ бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры. 2009-2010 жылдары - «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ экономика жөніндегі басқарушы директоры. Қазіргі қызметінде - 2010 жылғы қаңтардан бері.

3 9 жыл бұрын (1975) «Кепілдентіріліген сақтандыру төлемдері қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры ДАЛЕЕВА Зәуреш Ерсайынқызы дүниеге келді.Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, халықаралық-экономист, «прагма» корпорациясында арнайы оқудан өтті. 1998 жылдан сақтандыру мекемелерінде әртүрлі басшылық қызметткеер атқарды. 2004 жылдан - «БТА( Сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2005 жылдан - «БТА Сақтандыру» сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрайымы. 2009 жылғы қаңтардан - «Альянс Полис» сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрайымы. 2011 жылғы тамыздан - қазіргі қызметінде. «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталған.

3 8 жыл бұрын «KazEnergy» Заңды тұлғалар бірлестігінің құқық мәселелері бойынша атқарушы директоры ЖҮРСІНОВ Рустам Манарбекұлы дүниеге келді.

Өскемен қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін (қазіргі Қазақ гуманитарлық заң университеті), Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (қазіргі Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті) бітірген.

1998-1999 жылдары - «GRATA» заң фирмасында заңгер, 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігі заң департаменті директорының орынбасары, басқарма бастығы, бөлім бастығы, бастықтың орынбасары, 2002-2003 жылдары - «GRATA» заң фирмасының серіктесі, 2003-2005 жылдары - «ҚазМұнайТеңіз» мұнай теңіз компаниясы» ЖАҚ-ның құқықты қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, «Мұнайконсалтинг» ЖАҚ-ның («ҚазМұнайГазКонсалтинг») атқарушы директоры, 2005-2009 жылдары - «ҚазМұнайГазКонсалтинг» акционерлік қоғамының президенті қызметтерін атқарған.

Қазақстан Республикасы мұнайгаз саласы заңгерлері қауымдастығының, Республикалық салық кеңесшілері палатасының, Корольдық төрешілер институтының, Ағылшын-ресей заң қауымдастығының мүшесі. 2007 жылдың мамыр айынан - Қазақстанның тәуелсіз директорлар қауымдастығының атқарушы директоры.

Аталған қызметті 2012 жылдан бері атқарып келеді

36 жыл бұрын (1978) ҚР Көлік және коммуникация министрілігінің ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департементінің директоры ЕЛЕУСІЗОВА Құралай Болатқызы дүниеге келді.

ШҚО Семей қаласында туған. Павлодар мемлекеттік университетін «математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Өзінің еңбек жолын 2000 жылы жалпы білім беретін мектепте мұғалім болып бастаған. 2004 жылы ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде бас маман болып қызмет етті. 2005-2007 жылдар аралығында ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде бөлім, басқарма бастығы, 2008 жылдан Департамент директоры қызметін атқарды. 2012 жылдан ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры қызметін атқарады