16 ақпан. Туған күн иелері
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 16 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Павлодар облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Ғылым академиясы Философия және құқық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директоры болған. 1984-1986 жылдары – Қазақстан Ғылым академиясы Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы. 1986-1994 жылдары – Қазақстан Ғылым академиясының вице-президенті. 1996-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы. 2005 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры.
2-ші дәрежелі «Барыс», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Алматы облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: Жаңаөзен қаласы заң консультациясы адвокатының тағылымгері, Шевченко қаласы тергеушісінің тағылымгері, Маңғыстау облысы прокуратурасының аға тергеушісі (1985-1988); Талдықорған облысы Сарқан ауданы прокуратурасының тергеушісі (1988-1990); Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары, аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, ауданаралық табиғатты қорғау прокуроры (1991-1998); Бас прокуратура алдын ала тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары (1998-2000); Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары (2000-2002); Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы (2002-2005); Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары, Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы (2005-2007); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері бөлімінің меңгерушісі (2007-2008): Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2008-2009); Алматы облысының прокуроры (2009-2012); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары (2012-2014); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі (2014-2016).
Қазіргі лауазымын 2016 жылдың маусымынан бері атқарып келеді.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен (2013); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдарымен мапаратталған.

Қызылорда қаласында туған. 1994 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын педиатрия мамандығы бойынша, 2006 жылы Қорқыт ата университетін экономист маманыдығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері; Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері (1997-1999); Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығы, басшының орынбасары (1999-2001); Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері (2001-2003); Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2003-2004); ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы Бақылау комитетінің облыстық басқармасының басшысы (2005-2007); Қызылорда медициналық колледжінің директоры (2007-2013); Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (2013-2015); Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2015-2019); «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (2019-2020).
Қазіргі қызметінде 2020 жылдың тамыз айынан бері.
«Құрмет» орденімен, «Шапағат», «Астанакға 10 жыл» медальдарымен, «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Целиноград облысы Атбасар қаласында туған. Қазақ тұтыну кооперациясы институтын қаржы және несие мамандығы бойынша және РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының магистратурасын мемлекеттік және муниципалдық басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы бастаған. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарында («Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ) басшылық және басқарушылық лауазымдарында, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметте басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2019 жылдың шілде айынан бастап «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып сайланғанға дейін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі лауазымын атқарды. 2019 жылғы 18 қазаннан бастап – «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы.
2021 жылдың шілдесінен бастап қазіргі қызметінде.

Өскемен қаласында туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер мамандығы бойынша, 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын экономист мамандығы бойынша, 2013 жылы «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебін бітірген.
Еңбек жолы: «Қазмырыш» ААҚ президенті аппаратының кіші заңгері (1996-1997); «Имантау» ЖШС бағалы қағаздар жөніндегі маманы, «Қаржы және салық жөніндегі агенттіктің» салықтар жөніндегі заңгер (1997-1998); «GRATA» заң фирмасының заңгері (1998-1999); құқықтық сараптама бөлімі бастығының орынбасары (1999-2000); даулы мәселелер және түсіндірулер бөлімінің бастығы (2000-2001); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің Заңнама басқармасының бастығы (2001-2002); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің Заң департаменті директорының орынбасары (2002); «GRATA» заң фирмасының серіктесі (2002-2003); «ҚазМұнайТеңіз»ТМК» ЖАҚ жобаларды құқықтық сүйемелдеу департаменті директорының орынбасары (2003); «ҚазМұнайГаз-Консалтинг» АҚ құқықтық консалтинг жөніндегі птқарушы директоры (2003-2007); «ҚазМұнайГаз-Консалтинг» АҚ президенті (2007-2009); «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры (2009-2011); «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Заң департаментінің басшысы (2003 2011-2012); «KAZENERGY» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директоры (2012-2015); «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары (2015-2020).
Қазіргі қызметінде 2020 жылғы ақпаннан бері.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, ҚР Премьер-Министрінің, ҚР Мемлекеттік кірістер министрінің, «Самұрық-Қазына»АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.
41 жыл бұрын (1981) Түркістан қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Нұрбол Әлиақпарұлы ЕШПАНОВ дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Леңгір қаласында туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірді, заңгер (2000).
Еңбек жолы: Алматы қалалық сотында сот приставы, маман, жетекші маман (2002-2005); Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында жетекші маман – сот отырысының хатшысы, бас маман – сот отырысының хатшысы (2005-2008); Алматы қалалық сотының бас маманы (01.2008-12.2008); Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында сот (2008-2014); ОҚО Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотының төрағасы (2014); Түркістан облысы Келес аудандық сотының төрағасы.
Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың шілде айынан.