16 ақпанда ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 16 ақпан, сәрсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 ақпанда ауа райы қандай болады

Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, сондықтан жауын-шашын тоқтап, температуралық фон төмендейді.

Республиканың солтүстік және шығыс жартысы арқылы атмосфералық фронттар қар мен жаяу бұрқасынды сақтай отырып қозғалады.

Елдің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Түнде Ақмола облысының батысында тұман түседі, облыстың шығысында жел екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысының таулы аумақтарында және тау бөктерінде тұман, көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман күтіледі, таулы асуларда жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, батысында желдің қарқыны - 15-20 м/с . Жаяу бұрқасын соғады.

Түнде Павлодар облысының батысында жаяу бұрқасын көтеріліп, жел екпіні 18 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман түседі. Түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасын соғып, желдің күші 18 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде, күндіз шығысында бұрқасын соғады. Оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.