16 қаңтар. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 16 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
58 жыл бұрын (1966) Қазақстанның Чехиядағы Елшісінің кеңесшісі Біржан Бисекенұлы ҚАНЕШЕВ дүниеге келді.
Ресейдің Саратов облысында туған. Саратов политехникалық институтын, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін, АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық университеті А.Слоун атындағы менеджмент мектебін бітірген.
1990-1994 жылдары Саратов облыстық автокөлік пайдалану кәсіпорнының есепшісі, кәсіпорын директорының орынбасары, 1994-1997 жылдары Орал қалалық әкімшілігінің бөлім меңгерушісі, Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігі өнеркәсіп және қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, «Бөбек» балалар қорының Батыс Қазақстан өкілдігінің атқарушы директоры, 1997-1999 жылдары ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы, бөлім бастығы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі департамент басқармасының бастығы, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі стратегиялық жоспарлау және бақылау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 1999-2001 жылдары ҚР көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР көлік және коммуникация министрлігі байланыс және ақпарат жөніндегі комитеттің төрағасы, 2001-2003 жылдары ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 2003-2004 жылдары ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік төрағасы, 2007-2008 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі халықаралық ақпараттандыру комитетінің төрағасы, «Самұрық» мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ атқарушы директоры қызметін атқарды. 2008-2009 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2008-2012 жылдары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, 2012-2013 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды. 2013-2014 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы, 2017-2017 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы, 2017-2021 жылдары «KAZAKHINVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «теміржол көлігінің 100 жылдығы» медалімен марапатталған.
56 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы ЖАҚЫПОВА дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын, Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды облысы Қарой орта мектебінің мұғалімі болып бастаған.
1991-1995 жылдары Целиноград қаласындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен. 1997-2008 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аға маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары, директоры лауазымдарында жұмыс істеген.
2008-2011 жылдар аралығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарған. 2011-2013 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының Жобалық офисі бағдарламасын басқарған. 2013-2019 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары болған.
2020-2023 жылдар аралығында БҰҰ Даму бағдарламасының Әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі Ұлттық сарапшысы болды. 2020 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қоры бас директорының орынбасары лауазымына тағайындалған. 2023 жылы ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл болды.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың 2 қыркүйегінен бастап атқарып келеді.

47 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республиксы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Дүйсебайұлы ОСПАНОВ дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы «Казгипрожелдортранс» темір жол көлігінің нысандары мен ақпараттық жүйелерін жобалаудың қазақстандық техникалық-экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да 1-санатты инженер болып бастады. 2000-2001 жылдары «Казгипрожелдортранс» темір жол көлігінің нысандары мен ақпараттық жүйелерін жобалаудың қазақстандық техникалық-экономикалық зерттеулер институты» АҚ филиалының жетекші инженері, 2001-2006 жылдары «Қазақстан темір жол көлігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС жобалар жетекшісі болып жұмыс істеді. 2006-2007 жылдары «Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» АҚ ақпараттық жүйелерді әзірлеу басқармасының жүйелік талдау және бизнес жоспарлау бөлімінің жетекші инженер-жобалаушысы, 2007-2010 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да жұмыс істеді, онда мемлекеттік органдардың АКТ-бөлімшелерін құру департаментінің бас маманы, мемлекеттік органдардың АКТ-бөлімшелерінің жұмыс істеуі жөніндегі бағдарламаның АКТ-процестерінің бас менеджері, құзырет орталығы директорының орынбасары, құзырет орталығының директоры лауазымдарын атқарды. 2010-2012 жылдары «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ басқарушы директоры, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаментінің директоры қызметтерін атқарды. 2012-2016 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-да бас директордың бірінші орынбасары, бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2016-2020 жылдары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті, бірінші вице-президенті, президенті қызметтерін атқарды.
Қазіргі қызметін 2020 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.
47 жыл бұрын (1977) Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Айтбайұлы ӘЛІБАЕВ дүниеге келді.
Қызылорда қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін, Құқықтану (1998); Каспий инжиниринг және жаңа технологиялар университетін, муниципалдық басқаруды (2015); Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген, іскерлік әкімшілендіру магистрі (2020).
Еңбек жолын 1998 жылы Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған, әр жылдары Целинный көлік прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры, Целинный көлік прокурорының кадрлар жөніндегі аға көмекшісі, ҚР Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бөлім прокуроры, бөлімнің аға прокуроры, әлеуметтік саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы, Маңғыстау облысы Ақтау қаласының прокуроры, Нұр-сұлтан қаласы «Есіл» ауданының прокуроры, Қызылорда облысы прокурорының орынбасары болып қызмет атқарған. 2019-2021 жылдары Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары, 2021-2023 жылдары Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметінде болды.
2023 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.
41 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Әбдашымұлы БЕКБАУОВ дүниеге келді.
Оңтүстік (қазіргі Түркістан) облысы Түркістан қаласында дүниеге келген. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген, инженер-бағдарламашы.
Еңбек жолы: 2006-2007 жылдары «Қазақстан ҰАТ» АҚ бағдарламашысы, 2007-2009 жылдары бас бағдарламашы, «Қазақстан ҰАТ» АҚ БҚ әзірлеу бөлімінің бастығының м. а., 2009-2011 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бойынша даму және әзірлеу департаменті директорының орынбасары, 2011-2014 жылдары БҚ дамыту және әзірлеу департаментінің директоры, Е-лицензиялау даму департаментінің директоры, 2014-2015 жылдары мемлекеттік органдардың АЖО дамыту жөніндегі директоры, 2015-2017 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ электрондық қызметтер және сервистер жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары, 2017-2020 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, 2021 жылы «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, жеке компанияның бас директоры қызметін атқарған.
2021 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.

39 жыл бұрын (1985) «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасы Бекжан Олжаұлы ПІРМАТОВ дүниеге келді.
2005 жылы Қазақ экономикалық университетін Менеджмент бакалавры дәрежесімен тәмамдаған. 2009 жылы The George Washington University School of Business оқу орнының Жобаларды басқару жөніндегі магистрі атанған.
Еңбек жолы: 2004 жылы «Банк Каспийский» АҚ корпоративтік байланыстар бөлімінің менеджері, 2005-2007 жылдары «ТұранӘлем» Банкі АҚ халықаралық қатынастар және сауданы қаржыландыру бөлімінің бас маманы, 2010-2015 жылдары көлік, телекоммуникация және логистика секторындағы корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі департаменттің корпоративтік директоры, «HSBC Қазақстан» АҚ ірі корпоративтік клиенттермен жұмыс бөлімінің басшысы, 2015-2016 жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ Корпоративтік бизнес департаментінің директоры, 2016-2018 жылдары European Bank for Reconstruction and Development (EBRD), Principal banker, 2019 жылы «Цеснабанк» АҚ басқарма төрағасы («First Heartland Jysan Bank» АҚ болып өзгертілді) болып қызмет атқарған. 2019-2020 жылдары «First Heartland Jysan Bank» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі, 2019-2020 жылдары «First Heartland Jysan Invest» АҚ басқарма төрағасы, 2020-2022 жылдары «ForteBank» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі, кейін «ForteBank» АҚ басқарма төрағасының м.а. болды.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың шілдесінен бастап атқарып келеді.