21:57, 15 Қаңтар 2025 | GMT +5
16 қаңтарда елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 16 қаңтар күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА
10:00-де Парламентте Сенат отырысы басталады.
18:30-да «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығын тапсырудың 13-ші салтанатты рәсімі басталады.
18:30-да Қазақстанның жас суретшілерінің ANAU-MYNAU жаңа көрмесі ашылады.
19:00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Жошы хан» тарихи драмасы қойылады.
19:00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат жағалауы» психологиялық драмасы ұсынылады.