16 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болып, бұрқасындатады және тұман түседі
Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жел тұрады, оның күші - 15-20 м/с. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатады, тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде кей жерлерінде жел 18 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.
Сонымен бірге, таяудағы тәуліктерде Сырдария өзенінде мұз қатуы әлсіреп, республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Қазақстанның батысындағы, солтүстік және орталық облыстарындағы су нысандарында қысқы режим сақталады.