16 қаңтарда Жетісу және Алматы облыстарында қатты аяз болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 16 қаңтар, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Кең ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың қиыр солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронттардың ықпалымен қар жауады, жел күшейіп, боран соғады.

Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман бар.

Түнде солтүстікте, Жетісу облысының таулы аудандарында - 28-33 градус аяз, Алматы облысында 24-29 градус қатты аяз сақталады.


Соңғы жаңалықтар