16 қаңтардан бастап «Түркістан – Абу-Даби» әуе бағыты ашылады

ұшақ
Фото: Kazinform

«Түркістан – Абу-Даби» әуе бағытында ұшақ билеттері сатылымға шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Біріккен Араб Әмірліктерінің «Wizz Air Abu Dhabi» авиакомпаниясы 2024 жылдың 16 қаңтарынан бастап «Түркістан – Абу-Даби» бағытында әуе рейстерін бастауды жоспарлап отыр.
Рейстер аптасына 3 рет — сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері заманауи «AirBus 321» ұшақтарымен орындалатын болады. Жолақысы бір бағытта - 20 мың теңгеден басталмақ.

Билетті «wizzair.com» ресми сайтынан, мобильді қосымша немесе авиабилеттерді онлайн сату сервистерінен алуға мүмкіндік бар. Жолаушылар рейсті ұшу уақытынан 3 сағат бұрын ешқандай комиссиясыз өзгерте алады. Аталған бағытта ұшу уақыты - 3 сағат.

Жаңа бағыт қос қала тұрғындары мен қонақтары үшін туристік мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан халықаралық әуежайы Стамбул және Эль-Кувейт және еліміздің Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал және Қарағанды әуе бағыттарына қызмет көрсетіп келеді.

Соңғы жаңалықтар