16 қарағандылық отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер алды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған бес қабатты, 60 пәтері бар тұрғын үй пайдалануға берілді. Бирюзов көшесінде бой көтерген үйден баспанаға мұқтаж болып отырған 16 отбасы пәтерлі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оларға жаңа пәтерлердің кілтін қала әкімі Нұрлан Әубәкіров табыс етті.
Жалға берілетін баспанаға жетім балалар, көп балалы отбасыларға берілді. Сондай-ақ бюджет қызметкерлері, әскери және мемлекеттік қызметшілер де пәтерлі болды.
Бұдан тыс, жыл соңына дейін баспана құрылысы бағдарламасы бойынша Қарағандыда тағы 325 пәтерді пайдалануға беру жоспарда бар. Үйлер қаладағы 12, 14 және 15-шағын аудандарда салынып жатыр.