16 қазан. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 16 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады. 

16 маусым. Жылнама
Коллаж: Kazinform

Баянғали ӘЛІМЖАНОВ, ақын, жыршы, манасшы, режиссер, сатирик, тележүргізуші

1954 жылы Көкшетау облысының Степняк қаласында туған. ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген (1977).

С. Мұқановтың мұражайында, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Кітап жаршысы» газеттерінде, «Қазақфильм» киностудиясында, «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында, «Көкшетау правдасы» газетінде, Еңбекшілдер аудандық мәдениет бөлімінде, Ш. Құсайынов атындағы Көкшетау облыстық қазақ драма театрында қызмет істеген. «Паң Нұрмағамбет» киностудиясының директоры және көркемдік жетекшісі. 1984 жылдан бері республикалық, облыстық деңгейде өткен айтыстарда сайысқа түсіп, жеңімпаз және жүлдегер атанған.

«Қиқыматтың хикаялары» (1982), «Ұя» (1985), «Жынды Қаратайдың қасиеті» (2000), «Қиқыматтың қиссасы» (1989), «Ауылдың ақ самалы» (2003), «Алаш пен Манас» (2004), «Әзіл шуағы» (2004), «Деген екен» (2005) атты кітаптардың, «Құдалық», «Қожанасыр», «Қайран кемпір-шалдар-ай», «Еркегі бар болғыр», «Жолбарыс пен Пони», «Алтын ноқта», «Қазақы сайлау», «Жас қазақ», «Қазаннан келген қызғалдақ» атты пьесалардың авторы. «Жыраулар», «Асылдың сынығы», «Палуан» атты деректі фильмдердің, «Ән мен анаша» атты көркем фильмнің сценарийін жазған.

«Ерен еңбегі үшін» (2000), «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» (2006) медальдарымен марапатталған. Қырғызстан Республикасы Композиторлар одағының А. Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты, айтыста 22 рет гран-при иеленген.


Владимир БУБЕНКО, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы

1954 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы, Надежка ауылында туған. 1976 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1977-1986 жылдары Булаев ауданы Калинин атындағы кеңшардың аға диспетчері, МТМ бастығы, бас инженері, Булаев аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1986-1995 жылдары Соколов аудандық РАПО төрағасының орынбасары, төрағасы, 1995-1997 жылдары Соколов ауданы әкімінің бірінші орынбасары, 1997-2003 жылдары Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары, 2003-2004 жылдарыҚызылжар ауданының әкімі, 2004-2007 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы әкімінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының бірінші орынбасары, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары, 2007-2010 жылдары Есіл ауданының әкімі, 2010-2013 жылдары М.Жұмабаев ауданы әкімі, 2013-2014 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі, 2014-2016 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2016-2023 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болып қызмет атқарған.

2023 жылдың наурыз айынан бері қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Тынға 50 жыл» медальдарымен марапатталған.


Ғалымжан ОРЫНОВ, Түркістан облысы білім басқармасының басшысы

1975 жылы туған. Қарағанды ​​қаласындағы Қазақ тұтыну кооперативтері институтын экономика және менеджмент; Түркістан қаласындағы Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін құқықтану; кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу, экономика магистрі; Syracuse University (Болашақ стипендиясының иегері), Нью-Йорк, АҚШ, мемлекеттік саясат мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: Қазығұрт және Сарыағаш аудандары бойынша инспектор, бас инспектор, бөлім басшысы, салық комитеті төрағасының орынбасары, Кентау қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары (1996-2014); Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (2014-2018); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (2018-2019); Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы (2019-2022); Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы (2022-2025); Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі (2025-2026).

Қазіргі қызметін 2026 жылдың ақпан айынан бері атқарып келеді.

Дәулат ЕШКЕЕВ, Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы

1975 жылы туған. Қарағанды ​​мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген (1996); Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​экономикалық университеті, «заңгер» мамандығы; Экономика ғылымдарының магистрі (2014).

Еңбек жолы: кеден органдарында жұмыс істеген, Қарағанды ​​облысы әкімінің аппарат басшысы; Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары, Қарағанды ​​облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2020-2023 жылдары Қарағанды ​​облысы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарған.

2023 жылдың ақпан айынан бері қазіргі қызметінде.

Бауыржан ДОСМАНБЕТОВ, Қазақстан Республикасының ҚХР Гонконг және Макао АӘА-дағы Бас консулы

1977 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін құқықтану мамандығы бойынша (1999), ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар мамандығы бойынша (2001) бітірген.

Еңбек жолы: 2001 жылдан ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істеген. 2012-2015 жылдары – ҚР СІМ Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Түркия департаментінің және Әзербайжан Республикасындағы ҚР Елшілігінің Кеңесшісі, 2015-2017 жылдары Әзербайжан Республикасындағы ҚР Елшілігінің Кеңесші-уәкілі, 2017-2019 жылдары ҚР СІМ Еуразиялық интеграция департаменті директорының орынбасары болды. 2019-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы, 2023-2025 жылдары Қазақстан Республикасының Самарқандағы Бас консулы лауазымын атқарған.

2025 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

Гүлмира ҚАРАУЫЛОВА, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары

1977 жылы Тараз қаласында туған. Тараз мемлекеттік университетін халықаралық экономикалық қатынастар мамандығымен, Халықаралық бизнес университетін және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолы: Статистика агенттігінің Тұрмыс деңгейі статистикасы бөлімінің жетекші маманы (2000); «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК-да жұмыс істеді; ҚР Статистика агенттігінің Еңбек статистикасы және үй шаруашылықтарын зерттеу департаментінің сарапшысы, бөлім бастығы (2007-2014); Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің Әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің бастығы (2014-2019); Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаментінің директорының орынбасары, директоры (2019-05/2025).

Қазіргі қызметін 2025 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді.