16 қыркүйекте доллар мен еуроны қаншадан айырбастауға болады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы шетелдік валюта бағамы белгілі болды.

курс валюта
Коллаж: Kazinform/ЖИ

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

  • доллар 446 теңгеден сатып алынады, 453 теңгеден сатылады;
  • еуро: сатып алу — 514 теңге, сату — 524 теңге;
  • рубль: сатып алу — 5 теңге, сату — 5,2 теңге;
  • юань 68 теңгеден сатып алынады, 72,00 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

  • доллар: сатып алу — 445,5 теңге, сату — 450,8 теңге;
  • еуро: сатып алу — 513 теңге, сату — 521 теңге;
  • рубль 5,07 — 5,2 теңге аралығында саудаланады.
  • юань 65 — 71 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 15 қыркүйекте қор нарығында доллар бағамы өзгеріссіз қалған еді.