22:10, 15 Мамыр 2024 | GMT +5
16 мамыр күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 16 мамыр күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады.
11.00-де Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «Оқу жылының қорытындысы және жазғы демалысты ұйымдастыру туралы» баспасөз конференциясы өтеді.
11.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Негізгі ҰБТ-2024» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Тіл табысқандар» комедиясы сахналанады.