16 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат өз оқырмандарына 2012 жылғы 16 мамырға арналған күнтізбені ұсынады.
None
None

16 мамыр, СӘРСЕНБІ

ДАТАЛАР

Биографтар күні. Биограф сөзінің өзі ежелгі гректердің екі сөзінен шыққан - өмір және жазамын. Басқаша айтқанда, биография өзге бір немесе бірнеше адамның қолымен жазылған адамның өмірі туралы баян. Көп жағдайда биография адам туралы алғымыз келген ақпараттың алғашқы көзі болып табылады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

10 жыл бұрын (2000) академик Ө.Жолдасбеков (1931-1999) тұрған Астана қаласындағы Абай көшесі 1/1 үйге ескерткіш тақта орнатылды. Ө.Жолдасбеков - көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының және халықаралық сыйлықтардың лауреаты, әлденеше рет Парламент депутаты болып сайланған. Қазақстан жоғары техникалық оқу орындарының бағдарламасы мен оқыту жүйесін жасаушылардың бірі.

6 жыл бұрын (2006) Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде әлемге танылған қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтың мерейтойына орай, ақын атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім мен тәрбие беру орталығы ашылды.

5 жыл бұрын (2007) Шымкенттегі балалар мен жасөспірімдер орталығында Халықтар достығы мұражайы ашылды.

5 жыл бұрын (2007) Алматыдағы Көктөбеде атақты британдық «Битлз» тобына ескерткіш орнатылды.

88 жыл бұрын (1924) балаларға арналған «Мурзилка» әдеби көркемсурет журналының алғашқы саны жарық көрді.

83 жыл бұрын (1929)  АҚШ-та Американдық киноөнері академиясының «Оскар» сыйлығы табыс етілді. Алғашқы сыйлық табыс ету рәсімінен бастап радиодан тікелей хабар таратса, ал 1953 жылдан теледидардан тікелей эфирден көрсете бастады. Қазіргі таңда аталған сыйлықты табыс ету рәсімі әлемнің 10-даған елінде тілкелей эфирден көретіледі.

5 жыл бұрын (2007) Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Тұрақты даму комиссиясының 15-ші сессиясы шеңберінде 2007-2024 жылдардағы Қазақстанның тұрақты даму тұжырымдамасының таныстырылымы өтті. Таныстырылымды БҰҰ-дағы Қазақстанның тұрақты өкілінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі ұйымдастырды.

Тұжырымдама елдің 2030 жылға дейінгі ұзақмерзімді даму бағдарламасын және бәсекеге қабілетті елу ел қатарына кіру мақсатын іске асырудың ең маңызды құралы болып табылады.

5 жыл бұрын (2007) Алматыда «Есімізде сол соғыс» Естелік кітабы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайына саланатты түрде табыс етілді.

460 беттен тұратын бұл жалғыз дана кітапқа 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысып, аман қалған ардагерлер мен тылда қызмет еткен 200-ден астам адамның қолтаңбасы қалдырылған. Бұл кітапқа келесі жылы болатын Жеңіс күніне дейін соғыстың дәмін татып, көзкөрген адамдар өз қолтаңбаларын қалдыра алады.

ЕСІМДЕР

77 жыл бұрын (1935) ақын АСҚАР Оразақын Асқарұлы дүниеге келді.

Батыс Түркістан өлкесіне қарасты Іле аймағында туған. Үрімжі қаласындағы Ұлттар институтын, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1955 жылы атамекені Қазақстанға түбегейлі қоныс аударды. Шекарадан өлең толы қолжазба дәптерлерін ала келген Оразақын бірден Алматыдағы Жазушылар одағына келіп, ақындар Хамит Ерғалиев, Ғафу Қайырбеков, Жаппар Өмірбековтерге жолығады. Олар жас ақынның өлеңдерін ұнатып, сол кезде баспаға дайындалып жатқан жас ақындардың «Қос жүрек» атты жинағына бір топ өлеңдерін дереу енгізеді. 1961 жылы араб әрпін білуіне байланысты арнайы сұраныспен Қазақ КСР Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтына кіші ғылыми қызметкер болып орналасады. 1964-1970 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, Поэзия секциясында орынбасар болып қызмет атқарады. 1970-1984 жылдары Кітап палатасында бөлім меңгеруші, одан 1995 жылға дейін «Жалын» баспасында поэзия бөлімінің аға редакторы болды.

«Қорықтар әлеміне саяхат» деп аталатын топтама өлеңдері 1983 жылы Қазақстан табиғат қорғау қоғамының бәйгесіне ие болды. «Туған жердің картасы» деген дастаны 1974 жылы балалар мен жастарға арналған «Жалын» баспасының жабық конкурсында жүлдеге ие болды. «Тұңғыш», «Мейірім», «Белжайлау», «Балқарағай», «Өркеш», «Орбұлақ», «Күнгей», «Тәуелсіздік тартулары» атты жинақтары жарық көрді. Ол қазақтың қара өлең түрлерін ұзақ жылдар бойы ел ішінен жинап, жиырма мың жолдық екі кітабын жариялады. Бұл еңбегі 1994 жылы Мәдениет министрлігі мен Ғылым академиясы, Әдебиет институты бірігіп жариялаған ауыз әдебиетін жинаушыларға арналған бәйгеде бірінші орынды жеңіп алды.

72 жыл бұрын (1940-2011) ақын, аудармашы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Жамбыл Жабаев атындағы Халықаралық сыйлықтың, Ілияс Жансүгіров атындағы Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының иегері ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ Есенбай дүниеге келді.

Ақтөбе облысы Байғанин ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Алғашқы еңбек жолын Жарқамыс орта мектебінде мұғалімдіктен бастаған. Кейіннен Темір және Байғанин аудандық және Ақтөбе облыстық газеттерінің әдеби қызметкері, аға тілшісі, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болды. 1978-2007 жылдары республикалық «Жалын», «Ана тілі», «Раритет», «Жазушы» баспаларының аға редакторы, жетекші редакторы, аудармашы-редакторы, редакторы қызметтерін атқарған.

«Бозала таң мен бозторғай», «Ақпейіл», «Ұланғайыр», «Ашық аспан», «Ақ желкенді ағыстар», «Біздің толқын», «Ашық хат», «Таң торғайы», «Үш-бұлақ», «Санамақ», «Әліппе - тілашар», «Менің жаңа астанам», «Жаңбыр әні» атты жыр жинақтарының авторы.

М.Горькийдің «Әдебиет туралы», Г.Ломидзенің «Ұлы достық ұлағаты» кітаптарын, Әл-Хамиси лирикасын, Б.Абакированың жырларын қазақ тіліне тәржімалаған.

86 жыл бұрын (1926-1979) мүсінші МОЛДАНИЯЗОВ Енсен дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ташкент көркемсурет училищесін бітіргеннен кейін Алматы қаласында тұрып, жұмыс істеген. «Күрес», «Қорғаныс» атты жұмыстардың, Кеңес Одағының Батырлары Н.Әбдіров пен Чистяков ескерткіштерінің авторы. Сондай-ақ композитор М.Төлебаевтың, саяси қайраткер С.Кировтың, ақын Т.Жароковтың, суретші Ә.Қастеевтің бюстін жасаған.

86 жыл бұрын (1926-2004) суреткер және графикші КВАЧКО Иван Егорович дүниеге келді.

Ақмола облысының Ерейментау ауданында туған. Алматы көркемсурет училищесін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Оның «Іле өзенімен», «Арал теңізі», «Индустарльды Қазақстан», «Шекарашылар», «Алматинка өзені», «Шарын шатқалдары», «Ыстықкөлдегі қыс», т.б. туындылары бар.

Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.

76 жыл бұрын (1936-1998) балалар жазушысы ЕТЕКБАЕВ Мұхамедхан дүниеге келді.

Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. «Егемен Қазақстан», «Ұлан» газеттерінде, Қазақ теледидарының балалар редакциясында қызмет істеген. 1966 жылдан Жамбыл мұражайының директоры болған. Жазушы қаламынан жиырмаға тарта балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптар жарық көрген. Солардың ішінде «Алтын мүйізді киік», «Қисық бұтақ», «Қызыл ала автобус», «Жапалақ туралы ертегі», «Болатбек», «Жамбылдың музей үйі», «Жомарт жаз», «Бала қыран», «Таутекелі биік», «Айтолқын» секілді туындылары жас ұрпақтың сүйікті кітаптарына айналды.

76 жыл бұрын (1936) қауіпсіздік органдарының құрметті қызметкері, генерал-майор БЕЛГІБАЕВ Әнуарбек дүниеге келді.

Өскемен қаласында туған. КСРО МҚК Курсын бітірген. 1962-1983 жылдары Қазақ КСР МҚК органдарында қызмет істеген. 1983-1987 жылдары КСРО МҚК 2-ші бас басқармасының бөлім бастығының орынбасары, 1987-1995 жылдары Талдықорған облысы бойынша МҚКБ-ҰҚКБ-ның бастығы болған. 1995 жылы зейнет демалысына шыққан.

71 жыл бұрын (1941) әнші, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан және Орта Азия опера әншілерінің аймақтық байқауының лауреаты ҮМБЕТӘЛИЕВ Александр (Шора) Бисемғалиұлы дүниеге келді.

РФ-ның Астрахан облысында туған. Астрахан кеме жүргізу училищесін, Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1968 жылдан Абай атындағы опера және балет театрының солисі. 1983 жылдан Алматы консерваториясында дәріс береді. Ол Сырттан («Абай» А.Жұбанов және Л.Хамиди), Бекежан және Қожақ («Қыз Жібек» пен «Ер Тарғын» Е.Брусиловский), Жанбота («Біржан-Сара» М.Төлебаев), Тайшық хан («Алпамыс» Е.Рахмадиев), Кеңгірбай («Еңлік-Кебек» Ғ.Жұбанова), Мылқау және Абылай хан («Ақан сері - Ақтоқты» және «Жұмбақ қыз» С.Мұхамеджанов), Мазамхан («Садыр палуан», Қ.Қожамияров), Мельник («Русалка» А.Даргомыжский) партияларын үздік орындаушылардың бірі. Сондай-ақ оның репертуарында қазақтың халық әндері «Япырай», «Қараторғай» және т.б. бар. Гастрольдік сапармен Ресейдің көптеген қалаларында және Финляндия, Англия, Дания, Үндістан, Норвегия мемлекеттерінде болған.

71 жыл бұрын (1941) физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор БАЙМАҒАМБЕТОВ Отарбай дүниеге келді.

Қызылорда облысының Арал ауданында туған. Орск қаласындағы техникалық училищені, Қазақ мемлекеттік университетінің механика-математика факультетін бітірген. 36 ғылыми жұмыстың авторы. 1969-1983 жылдары Целиноград қаласындағы С.Сейфуллин атындағы педагогикалық институттың оқытушысы, аға оқытушысы, Қазақ мемлекеттік университетінің зерттеушісі, аспиранты. 1983-1998 жылдары Ақтөбе педагогика институты математикалық анализ кафедрасының доценті, кафедра меңгерушісі, педагогика факультетінің деканы болған. Қазір осы институттың математикалық анализ кафедрасының профессоры.

61 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасының бастығы - Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша Тәртіптік кеңесінің төрағасы - РАМАЗАНОВ Нұрлан Аманоллаұлы дүниеге келді.  

Н.А. Рамазанов 1951 жылғы 16 мамырда дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын «өнеркәсіп мекемелерін электрмен қамту» мамандығы бойынша, СССР Министрлерінің Кеңесіндегі халықтық шаруашылық академиясын «экономика, халықтық шаруашылықты жоспарлау, және ұйымдастырып басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек қызметін 1973 жылы бастады. Әртүрлі партиялық және мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеді. 2001 жылдан Ақмола облысының Зеренді ауданының әкімі қызметін атқарған. 2003 - 2005 жылдары Ақмола облысы бойынша Тәртіптік кеңес төрағасы қызметінде, 2005 - 2007 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істерінің Ақмола облысы бойынша басқармасының бастығы қызметінде болды. 2007 жылғы мамырдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасының бастығы.

56 жыл бұрын (1956) Көліктегі Батыс Ішкі істер департаментінің бастығы -ДҮЙСЕБАЕВ Нұржан Тәттібайұлы дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, КСРО ІІМ Академиясын бітірген. Еңбек жолын Жамбыл қалалық Орталық ішкі істер басқармасында инспектор болып бастап, Жамбыл облыстық атқару комитетінде, Жамыл облыстық Ақпарат орталығында, Жамбыл қалалық ішкі істер басқармасында түрлі лауазымды қызметтер атқарған. 2009 жылдың шілдесінен бастап осы уақытқа дейін Көліктегі Батыс Ішкі істер департаментінің бастығы.

Бірнеше медальмен, төс белгілермен марапатталған.

56 жыл бұрын (1956) ақын НЕМЦОВ Михаил дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласында туған. Лениногор кен-металлургия техникумын, Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебет институтын бітірген. Оның «Родство», «Голоса Беловодья», «...А все остальное слова!» атты өлең жинақтары жарық көрген.

63 жыл бұрын (1949) ҚР Төтенше жағдайлар министрі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, генерал-лейтенант - БОЖКО Владимир Карпович дүниеге келді. Туған жері: ҚазКСР; Алматы қаласы. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1971), Минск қаласында КСРО МҚК жоғары курстарын (1976) бітірген. Еңбек өтілі:  ҚазКСР МҚК органдарындағы қызмет (1976-1991); ҚР ҰҚК органдарындағы жұмыс (1991-2007); Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі (2007 жылғы 13 қарашадан бастап).

2-дәрежелі «Айбын» орденімен (2003), медальдармен марапатталған.

54 жыл бұрын (1958) «Капитал» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасы- МЕЙІРЖАНОВ Серік Сырғабайұлы дүниеге келді.

Қазақстанның қаржылық ұйымдарының басшылық лауазымдарында 30 жыл тәжірибесі бар. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде 10 жылдық еңбек өтілімі бар, АӨҚО құру Жұмыс тобының мүшесі .

1993-1996 жж. Алматы қаласындағы, "Центрбанк" Қазақстандық Орталық акционерлік банкі филиалының директоры; 1996-1998 жж. "Казинтербанк" ААҚ басқарма төрағасының орынбасары.; 1999-2001 жж. "ЦентрКредитБанк" ААҚ, Директорлар Кеңесі төрағасының кеңесшісі; 2001 жылдан қазіргі уақытқа дейін "Капитал" ЖЗҚ АҚ басқарма төрағасы.

53 жыл бұрын (1959) тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин ЖИГАЛОВ дүниеге келді.

51 жыл бұрын (1961) медицина ғылымдарының кандидаты, «СҚ-Фармация» АҚ-ның басқарма төрағасы БЕЙСЕН Назарбек Есеркепұлы дүниеге келді. 

1985 жылы Алматы Мемлекеттік Медицина институтын «уролог-дәрігер» мамандығы бойынша аяқтаған.2011 жылы әл-Фараби атындағы ҚҰУ-ді (экономика және бизнес) тәмамдады.

Еңбек жолын Тараз қаласындағы медициналық ұйымдарда дәрігер болып бастады.

2009 жылдан 2010 жылға дейін - Астана қаласында салынып жатқан Денсаулық сақтау объектілері дирекциясы бас директорының кеңесшісі, ҚР ДМ Стратегиялық даму департаментінің директоры, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет төлемдері комитетінің орынбасары. 2010 жылғы қыркүйектен 2012 жылғы ақпанға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметтерді бақылау комитетінің төрағасы.

2012 жылғы ақпаннан - «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы

ҚР Президентінің Алғысымен, «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, ҚР Президенті Іс басқармасының Құрмет грамотасымен, «Астананың 10 жылдығы», «НұрОтан» ХДП-ның 10 жылдығы медальдарымен марапатталған.

49 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің төрағасы - БЕЙСЕМБАЕВ Мұқтар Таңатұлы дүниеге келді.

1963 жылы Шымкент облысы Жетісай ауданында туған.  Еңбек қызметін 1985 жылы  ішкі істер органдарында тергеуші, тергеу қызметінің басшысы, одан кейін Оңтүстік Қазақстан облысының Салық полициясы бастығының орынбасары болып жұмыс істеуден бастады.

2008 жылдың 27 ақпанынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің төрағасы.

42 жыл бұрын «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары - МАҚСҰТОВ Қайрат Берікұлы дүниеге келді.

1970 жылы 16 мамырда Жезқазған облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында туған.1991 жылы Қазақстан Тұтынушылар одағының Қарағанды кооперативтік институтын (Қарағанды қаласы) экономист-тексеруші мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы - Transeuropean Centre of Commerce & Finance Limited (Лондон қаласы) Листинг және IРО бойынша (сертификат) - бітірді.1991 жылы Қарағанды облыстық Тұтыншылар одағының есеп және бақылау басқармасының тексерушісі.1992 жылы «Игілік-Банк» АКБ Қарағанды филиалында инвестициялар және инновациялар бөлімінің жетекші маманы, халықаралық есеп айырысу және валюталық операциялар бөлімінің бастығы, директордың орынбасары.1997 жылы «Қамрау-Қарағанды» ЖШС қаржы кеңесшісі.1977 жылы АЭА Әкімшілік Кеңесі төрағасының орынбасары, Қаражал қаласы әкімінің орынбасары. 1999 жылы «Альфа-Банк» ЕБ АҚ Қарағанды филиалы директорының орынбасары, директоры, Алматы қаласы.2004 жылы «Гефест» кен-салалық холдингінің экономика жөніндегі вице-президенті.2008 жылы «Коммерциялық жылжымайтын мүлік» субхолдинг басқармасында қызмет атқарды.

2009 жылдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары.  «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Наградалары: ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрмет грамотасы (2011).

40 жыл бұрын «Шахар» ТРК-ның президенті ДОМБАЙ Қуат Есімғалиұлы дүниеге келді.  

1972 жылдың 16 мамырында туған. Қазақ Мемлекеттік Әлемдік тілдер Институтын (1989-94), одан кейін Менеджмент бойынша Лондон Институтын (2003-2005) тәмамдаған. Мадрид корольдігі дипломатиялық мектебінің түлегі (1996-97). ҚР ІІМ-нің дипломатиялық қызметінде жеті жылдық жұмыс тәжірбиесі бар, Оңтүстік Корея, Үндістан және Ұлыбритания елдеріндегі ҚР-ның елшіліктерінде қызмет жасады. 2001 және 2008 жылдар аралығында ең беделді ұялы байланыс операторы GSM Kazakhstan/K Cell-де, сондай-ақ «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг B.V.» халықаралық мұнай-газ жобасының корпоративті коммуникация және басқарушы PR-де қызмет жасады.

2008 жылдың ақпан айынан бастап «Шахар» ТРК-ны басқарды. 2010 жылдан бері «HSBS Қазақстан банкінде» қызмет етеді. PR және ұйымдастырылған менеджмент бойынша бірқатар мақалалардың авторы.

 

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар