16 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарға 2014 жылғы 16 мамырға арналған күнтізбені ұсынады.

16 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

16 мамыр, ЖҰМА Арменияның Әуе қорғанысының күні. 1992 жылғы мамырда Армения Республикасының Қарулы Күштерiнiң әуе қорғаныс бөлiмшелерiнiң құрылуы аяқталды. Осы уақыттан бастап мамырдың үшінші жексенбісі Арменияның қарулы күштерінде Әуе қорғанысы күні болып атап өтіледі. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 14 жыл бұрын (2000) академик Ө.Жолдасбеков (1931-1999) тұрған Астана қаласындағы Абай көшесі 1/1 үйге ескерткіш тақта орнатылды. Ө.Жолдасбеков - көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының және халықаралық сыйлықтардың лауреаты, әлденеше рет Парламент депутаты болып сайланған. Қазақстан жоғары техникалық оқу орындарының бағдарламасы мен оқыту жүйесін жасаушылардың бірі. 8 жыл бұрын (2006) Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде әлемге танылған қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтың мерейтойына орай, ақын атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім мен тәрбие беру орталығы ашылды. 8 жыл бұрын (2006) Астанада ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьниктің қатысуымен локомотивтер құрастыру зауытының іргетасын қалау салтанаты рәсімі болды. Зауытты салуға ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ы және американдық «Gеneral Electric» компаниясы бастамашы болды. Зауыт 2-ші жылу-электр орталығы мен «Қырқыншы» стансасы аралығында 90 гектар аумақта бой көтеретін болады. Бұдан кейін АҚШ-тағы «Gеneral Electric» бас зауытында оқудан өткен қазақстандық мамандардың күшімен жаңа магистральдық және маневрлік тепловоздар шығарылмақ. Локомотивтердің негізгі бөлшектерін жасауға отандық өндірушілер тартылатын болады. Зауыттың жобалық қуаты ? жылына 150-дей локомотив шығаруға есептелген. Gеneral Electric өз тарихында алғаш рет ТМД аумағында evolution сериялы локомотивтер шығара бастайды. Сонымен қатар жаңа зауытта шығарылатын локомотивтер бүгінде ТМД аумағында пайдаланылып жүрген тепловоздарға қарағанда экологиялық жағынан неғұрлым таза болмақ. «Локомотив» АҚ-ы қазақстандық компаниясының президенті Бақыт Дәденов зауыттың 2008 жылы пайдалануға берілуі жоспарланып отырғанын айтты. 7 жыл бұрын (2007) Шымкенттегі балалар мен жасөспірімдер орталығында Халықтар достығы мұражайы ашылды. 7 жыл бұрын (2007) Алматыдағы Көктөбеде атақты британдық «Битлз» тобына ескерткіш орнатылды. 7 жыл бұрын (2007) Алматыда «Есімізде сол соғыс» Естелік кітабы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайына саланатты түрде табыс етілді. 460 беттен тұратын бұл жалғыз дана кітапқа 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысып, аман қалған ардагерлер мен тылда қызмет еткен 200-ден астам адамның қолтаңбасы қалдырылған. Бұл кітапқа келесі жылы болатын Жеңіс күніне дейін соғыстың дәмін татып, көзкөрген адамдар өз қолтаңбаларын қалдыра алады. 6 жыл бұрын (2008) Шымкентте «Астана Моторс» Қазақстан мотор компаниясының Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі автомобиль кешенінің ашылу салтанаты болды. Жалпы алаңы 6 700 шаршы метрді құрайтын Қазақстан мотор компаниясы салған мультибрендті кешен жабық үлгідегі екі автоорталықты құрайды. «Алғаш рет біз Қазақстанда бір шатырдың астына әлемге белгілі бес автомобиль брендін біріктірдік. Олар Toyota, Subaru, Hyundai, BMV, Nissan болып табылады. Бұлардың бәрі де Қазақстан нарығына ресми түрде «Астана Моторс» Қазақстан мотор компаниясы арқылы шығады», - деді «Астана Групп» президенті Нұрлан Смағұлов. Автомобильдердің барлық бес маркасы үшін қызметтердің толық кешені ұсынылған. «Мұнда автомашинаны, қосалқы бөлшектерді сатып алуға, қызмет көрсетуге, автомобильді несиеге және лизингке ресімдеуге, сақтандыруға болады. Кейіннен дәмхана, демалыс аймағы және балалардың ойын алаңы да болады», - деді Нұрлан Смағұлов. 90 жыл бұрын (1924) балаларға арналған «Мурзилка» әдеби көркемсуретті журналының алғашқы саны жарық көрді. 85 жыл бұрын (1929) АҚШ-та Американдық киноөнері академиясының «Оскар» сыйлығы табыс етілді. Алғашқы сыйлық табыс ету рәсімінен бастап радиодан тікелей хабар таратса, ал 1953 жылдан теледидардан тікелей эфирден көрсете бастады. Қазіргі таңда аталған сыйлықты табыс ету рәсімі әлемнің 10-даған елінде тікелей эфирден көретіледі. 7 жыл бұрын (2007) Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Тұрақты даму комиссиясының 15-ші сессиясы шеңберінде 2007-2024 жылдардағы Қазақстанның тұрақты даму тұжырымдамасының таныстырылымы өтті. Таныстырылымды БҰҰ-дағы Қазақстанның тұрақты өкілінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі ұйымдастырды. Тұжырымдама елдің 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму бағдарламасын және бәсекеге қабілетті елу ел қатарына кіру мақсатын іске асырудың ең маңызды құралы болып табылады. ЕСІМДЕР 88 жыл бұрын (1926-1979) мүсінші МОЛДАНИЯЗОВ Есен дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ақмола облысында туған. Ташкент көркемсурет училищесін бітіргеннен кейін Алматы қаласында тұрып, жұмыс істеген. «Күрес», «Қорғаныс» атты жұмыстардың, Кеңес Одағының Батырлары Н.Әбдіров пен Чистяков ескерткіштерінің авторы. Сондай-ақ композитор Мұқан Төлебаевтың, саяси қайраткер С.Кировтың, ақын Тайыр Жароковтың, суретші Әбілхан Қастеевтің бюстін жасаған. 88 жыл бұрын (1926-2004) суреткер және графикші КВАЧКО Иван Егорович дүниеге келді. Ақмола облысы Ерейментау ауданында туған. Алматы көркемсурет училищесін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Оның «Іле өзенімен», «Арал теңізі», «Индустарльды Қазақстан», «Шекарашылар», «Алматинка өзені», «Шарын шатқалдары», «Ыстықкөлдегі қыс», тағы басқа туындылары бар. Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған. 79 жыл бұрын (1935) ақын АСҚАР Оразақын Асқарұлы дүниеге келді. Батыс Түркістан өлкесіне қарасты Іле аймағында туған. Үрімжі қаласындағы Ұлттар институтын, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1955 жылы атамекені Қазақстанға түбегейлі қоныс аударды. Шекарадан өлең толы қолжазба дәптерлерін ала келген Оразақын бірден Алматыдағы Жазушылар одағына келіп, ақындар Хамит Ерғалиев, Ғафу Қайырбеков, Жаппар Өмірбековтерге жолығады. Олар жас ақынның өлеңдерін ұнатып, сол кезде баспаға дайындалып жатқан жас ақындардың «Қос жүрек» атты жинағына бір топ өлеңдерін дереу енгізеді. 1961 жылы араб әрпін білуіне байланысты арнайы сұраныспен Қазақ КСР Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтына кіші ғылыми қызметкер болып орналасады. 1964-1970 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, Поэзия секциясында орынбасар болып қызмет атқарады. 1970-1984 жылдары Кітап палатасында бөлім меңгеруші, одан 1995 жылға дейін «Жалын» баспасында поэзия бөлімінің аға редакторы болды. «Қорықтар әлеміне саяхат» деп аталатын топтама өлеңдері 1983 жылы Қазақстан табиғат қорғау қоғамының бәйгесіне ие болды. «Туған жердің картасы» деген дастаны 1974 жылы балалар мен жастарға арналған «Жалын» баспасының жабық конкурсында жүлдеге ие болды. «Тұңғыш», «Мейірім», «Белжайлау», «Балқарағай», «Өркеш», «Орбұлақ», «Күнгей», «Тәуелсіздік тартулары» атты жинақтары жарық көрді. Ол қазақтың қара өлең түрлерін ұзақ жылдар бойы ел ішінен жинап, жиырма мың жолдық екі кітабын жариялады. Бұл еңбегі 1994 жылы Мәдениет министрлігі мен Ғылым академиясы, Әдебиет институты бірігіп жариялаған ауыз әдебиетін жинаушыларға арналған бәйгеде бірінші орынды жеңіп алды. 74 жыл бұрын (1940-2011) ақын, аудармашы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Жамбыл Жабаев атындағы Халықаралық сыйлықтың, Ілияс Жансүгіров атындағы Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының иегері ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ Есенбай дүниеге келді. Ақтөбе облысы Байғанин ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Алғашқы еңбек жолын Жарқамыс орта мектебінде мұғалімдіктен бастаған. Кейіннен Темір және Байғанин аудандық және Ақтөбе облыстық газеттерінің әдеби қызметкері, аға тілшісі, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болды. 1978-2007 жылдары республикалық «Жалын», «Ана тілі», «Раритет», «Жазушы» баспаларының аға редакторы, жетекші редакторы, аудармашы-редакторы, редакторы қызметтерін атқарған. «Бозала таң мен бозторғай», «Ақпейіл», «Ұланғайыр», «Ашық аспан», «Ақ желкенді ағыстар», «Біздің толқын», «Ашық хат», «Таң торғайы», «Үш-бұлақ», «Санамақ», «Әліппе - тілашар», «Менің жаңа астанам», «Жаңбыр әні» атты жыр жинақтарының авторы. М.Горькийдің «Әдебиет туралы», Г.Ломидзенің «Ұлы достық ұлағаты» кітаптарын, Әл-Хамиси лирикасын, Б.Абакированың жырларын қазақ тіліне тәржімалаған. 65 жыл бұрын (1949) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, заң ғылымының кандидаты БОЖКО Владимир Карпович дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын, Минск қаласындағы КСРО Мемлкеттік қауіпсіздік комитеті Жоғары курсын бітірген. 1976-1989 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, 2-ші басқарма бөлімшесінің бастығы, 3-ші басқарма бастығы. 1989-1991 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Целиноград облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары. 1991-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Көкшетау, Шығыс Қазақстан облыстары бойынша басқармасының бастығы. 1994-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комететі Бас экономикалық қауіпсіздік басқармасының бастығы. 1999-2001 жылдары - «Jetson Trading LTD» фирмасының вице-президенті және Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры. 2001-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсізідік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, орынбасары. Қазіргі қызметінде 2007 жылдан бастап істейді. 2-ші дәрежелі «Айбын» орденімен, медальдармен марапатталған. 58 жыл бұрын (1956) полиция полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері ДҮЙСЕБАЕВ Нұржан Тәттібайұлы дүниеге келді. Шымкент қаласында туған. КСРО Ішкі істер министрлігі Қарағанды жоғары мектебін, КСРО ІІМ Академиясын, Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын Жамбыл қалалық Орталық ішкі істер басқармасында инспектор болып бастап, Жамбыл облыстық атқару комитетінде, Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасының Ақпарат орталығында, Жамбыл қалалық ішкі істер басқармасында түрлі лауазымды қызметтерді атқарды. 1995-2009 жылдары - Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары. 2009-2010 жылдары - Көліктегі Батыс Ішкі істер департаментінің бастығы қызметтерін атқарған. 2010 жылдың қазан айынан Көліктегі Ішкі істер департаментінің құзырында. «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «70 лет - Вооруженных Сил СССР», «Ішкі істер органдарының ардагері», «Ерекше қызметі үшін», 3 және 2 дәрежелі «За безупречную службу» медальдарымен, «Қазақстан полициясына 15 жыл», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері» төс белгілерімен марапатталған. 55 жыл бұрын (1959) ҚР-дың Канададағы Төтенше және Өкілетті елшісі ЖИГАЛОВ Константин Васильевич дүниеге келді. Семей қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасын бітірген. 1991-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Презденті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі. 1996-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының Ұлыбритания Біріккен Корольдігіндегі және Солтүстік Ирландиядағы Елшілігінің кеңесші-елшісі. 2000-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2003-2009 жылдары - Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы міндетін қоса атқарушы. Қазіргі қызметінде 2009-2012 жылдарда . Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары - Еуроодақпен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР ұлттық үйлестірушісі. Қазіргі қызметінде - 2012 жылдың қаңтар айынан. 2-ші дәрежелі «Достық» орденімен және шетел ордендерімен, медальдармен марапатталған. Сіңірген еңбегі үшін ҚР Президентінің Алғысымен, «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, ҚР Президенті Іс басқармасыныңҚұрмет грамотасымен, «Астананың 10 жылдығы», «НұрОтан» ХДП-ның 10 жылдығы медальдарымен марапатталған. 51 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің төрағасы БЕЙСЕМБАЕВ Мұқтар Танатұлы дүниеге келді. Шымкент облысы Жетісай ауданында туған. Еңбек қызметін 1985 жылы ішкі істер органдарында тергеуші, тергеу қызметінің басшысы, содан кейін Оңтүстік Қазақстан облысының Салық полициясы бастығының орынбасары болып жұмыс істеуден бастаған. 1998 жылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ауыстырылды, онда ол 2002 жылға дейін жұмыс істеді. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация төрағасы болып тағайындалды. Үйленген, төрт баласы министрлігі Көліктік бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 2003 жылғы тамыздан бастап 2004 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттікте Агенттіктің Басқарма бастығы мен Төрағаның орынбасары болып жұмыс істеді. 2004 жылғы желтоқсаннан бастап 2006 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша қаржылық бақылау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 2008 жылғы 27 ақпанынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің төрағасы. 44 жыл бұрын (1970) «Нұр Отан» партиясының Хатшысы САТЫБАЛДЫҰЛЫ Қайрат дүниеге келді. 1990-1992 - КСРО ӘҚ офицер лауазымдарында қызмет етті; 1992-1998 - Қазақстан Республикасы ҰҚК органдарында офицер лауазымдарында қызмет етті; 1998-2000 - Астана қаласының әкімінің орынбасары; 2000-2003 - «Kazakh Oil» Ұлттық компаниясының вице-президенті; 2003-2005 жж. - Қазақстан Республикасы ҰҚК кадрлар қызметінің бастығы; 2005-2006 жж. - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бірінші вице-президенті; 2006-2010 - «Дүние» корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы; 2010 жылдан бері қазіргі қызметінде. Марапаттары: 1999 «Астана» медалі; 2011 «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі; 2011 «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалі; 2011 «Құрмет» ордені 183 жыл бұрын (1831-1900) ағылшын және американ өнертапқышы Дэвид Эдвард ХЬЮЗ дүниеге келді.