16 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 16 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

16 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА

9.00-де Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ғимаратында Астана экономикалық форумы (Global Challenges Summit) қарсаңында «Бәсекеге қабілетті Қазақстан» атты II Қазақстан-америкалық бизнес-форумы өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті палаталарының пленарлық отырысы басталады.

10.00-де қалалық ҚР Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департаменті мен Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және кәсіпкерлер құқығын қорғау шаралары» атты көшпелі отырысы басталады.

10.00-де Астана қалалық қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық сотында  Қуандық Бишімбаев пен өзге де іс фигуранттарына 2018 жылдың 14 наурызында шығарылған үкімге қарсы апелляциялық шағым қаралады.

10.45-те Сыртқы істер министрлігі ғимаратында Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Грузия Вице-премьер-министрі, Сыртқы істер министрі Михаил Джанелидземен кездесуі өтеді.

11.00-де «Көрме» орталығында AstanaBuild 2018 20-шы халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі ашылады.

 11.00-де «Қазмедиа» орталығында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің халыққа есеп беру кездесуі өтеді.

11.00-де  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында «Еліне жол ашқан» кітабының тұсаукесері өтеді.  Қазақ тіліне аударылған аталмыш кітап әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Алирза оглы Алиевке арналады.

11.15-те «Marriott Hotel Astana» қонақ үйінде XI Астана экономикалық форумы аясында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек және Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевтың қатысуымен БҰҰ қамқорлығымен көлік және сауда мәселелері бойынша «Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ дамушы елдерінің Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін көлік байланыстары мен сауда жеңілдетуінің маңыздылығы» атты Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ дамушы елдер (ТШМДЕ) министрлерінің конференциясы өтеді.

11.45-де Астана қаласындағы Мектеп оқушылары сарайында төтенше жағдайлар кезінде ерлік көрсеткен 20 батыр баланы құрметтеу рәсімі өткізіледі. Ішкі істер министрі Қ. Қасымов батыр балаларды салтанатты түрде марапаттап, естелік сыйлықтар тапсырады.

12.00-де «Hilton» қонақ үйінде «Мен АЭФ-2018-ге барамын» байқауының жеңімпаздары анықталады және салтанатты түрде марапатталады.

12.20-де «Серіктестік: кеден, салық және бизнес» тақырыбында Қытай мен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің бірлескен баспасөз- конференциясы өтеді.

13.30-да Ritz-Carlton Astana қонақ үйінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де Мәжілісте 2017 жылға арналған республикалық бюджетті игеру туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есебі таныстырылады.

15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен интернет-мәслихат өтеді.

16.30-да IRONMAN 70.3 Astana халықаралық триатлон жарысына дайындыққа арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

10:00-де KASE ай сайынғы дәстүрлі медиа-брифингін өткізеді. Онда 2018 жылдың сәуір айындағы биржа нарығы жұмысының негізгі қорытындылары жаряиланып, 25 жылдыққа арналған алдағы жоспарлар таныстырылады.

10:30-да «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығында 25-ші қазақстандық халықаралық «Денсаулық сақтау» - KIHE 2018 көрмесі өтеді.

 11:00-де Алматыдағы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Шағын және орта бизнеске арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

11:00-де «Достық» спорт кешенінде балалар үйі мен мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасындағы «Үміт кубогы» чемпионаты басталады. Онда 2001 жылы туған және одан да кіші балалар бақ сынайды.

12:00-де Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейде Олжас Сүлейменов атындағы мектеп бөлмесі мен барельефі салтанатты түрде ашылады.