16 маусым. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 16 маусым күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

оқиға
Фото: ҚазАқпарат

62 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстандағы арнайы өкілі Талғат Ғабдоллаұлы ҚАЛИЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1979 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Тарих факультетін және Мәскеу қаласындағы СССР Ғылым академиясының аспирантурасын бітіріп, тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болды.

Еңбек жолы: 1992-1993 жылдары Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында жұмыс істеді. 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомствосында, атап айтқанда Еуропа және Америка департаментінің директоры, Сыртқы саяси талдау және болжамдау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Түркия, Ұлыбритания және АҚШ мемлекеттеріндегі елшіліктерінде жұмыс істеді. Румынияда Уақытты сенімді өкіл болды. 2014-2019 жылдары Оңтүстік Африка Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі, 2019-2020 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саяси талдау және болжау департаментінің директоры лауазымын атқарды.

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың ақпанынан.

50 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Нығматоллаұлы АШЫҚБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, халықаралық қатынастар саласының маманы, екі шет тілін меңгерген референт-елтанушы. 2012 жылы Гарвард университетінің Дж.Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебі магистратурасының мемлекеттік басқару мамандығын бітірген, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

Еңбек жолы: 1998-1999 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі департаменті Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының референті, 1999-2001 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы, 2001-2002 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Экономикалық саясат департаменті Еуропа және Америка елдерімен экономикалық ынтымақтастық бөлімінің бастығы, 2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы. 2005 жылы ҰР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарған. 2005-2007 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі Кеңсесінің жетекшісі, 2007-2009 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы, 2009-2011 жылдары Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші – ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, 2012 жылы ҚР Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары, 2012-2013 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі, 2013-2021 жылдары ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары болып қызмет атқарған.

2021 жылдың сәуірінен бастап қазіргі қызметінде.

88 жыл бұрын (1936-2023) ҚР Минералдық ресурстар академиясының мүшесі, Қазақстандағы геологиялық барлау саласының негізін қалаушы ғалым Орал Ақшолақұлы АҚШОЛАҚОВ дүниеге келді.

Туған жері Гурьев қаласы. И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын тәмамдаған. Геолог, геология-минерология ғылымдарының кандидаты, ҚР жер қойнауын барлау ісінің үздігі, ҚР жер қойнауының құрметті барлаушысы.

1958 жылдан бастап еңбек жолын мұнай және геология мекемелерінде бастаған. 1985-1988 жылдары Батыс Қазақстан ұңғымаларды геофизикалық зерттеу экспедициясының бастығы, 1988-1992 жылдары Алматы геофизика экспедициясының бас геологы, «Қазгеофизика» ӨГБ геология бөлімінің бастығы, 1992-1994 жылдары ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің мұнай және газ бас басқармасының бастығы, 1994-1998 жылдары «Қазмемжерқойнау» минералдық ресурстар бас басқармасы бастығының орынбасары, 1998-2001 жылдары «Степной леопард» бірлескен кәсіпорнының бас директоры, 2001-2003 жылдары «Кен-экономикалық консалтинг» ЖШС бас маманы, 2003 жылы «Центрконсалтинг» ЖШС директоры қызметін атқарған. Н.А.Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің құрылтайшысы, мүшесі.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар