16 миллион 700 мың теңгені талан-таражға салды - М.Жұманбай

АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қаржы полициясының өкілдері «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасына бөлінген қаржыны ұрлауға қатысты бірнеше алаяқтық әрекеттерді анықтады.
None
None

Аталмыш заң бұзушылықтармен бүгін журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі  Мұрат Жұманбай таныстырды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның мәліметтеріне қарағанда, алаяқтық әрекеттер бойынша мердігерлік ұйымдардың басшыларына қатысты 4 қылмыстық іс қозғалған. «Атап айтқанда Астанадағы «Дронго -А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері  Есілдің сол жағалауында мектеп салуға қатысты актілерге жалған мәліметтер енгізу арқылы 501 миллион теңгені қолды қылған. Ал Ақтөбе облысында «Транс Мост Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ойыл аудандық ауруханасының құрылысы бойынша атқарылған жұмыстардың көлемін артық көрсету арқылы 16 миллион 700 мың теңге  бюджет қаражатын талан-таражға салған.

Соңғы жаңалықтар