16 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды - еңбек инспекторлары

Еңбек
Фото: Pyxabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары елімізде қанша заң бұзу дерегін анықтағанын мәлім етті.

«Осы жылдың басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 375 тексеру жүргізіп, 6 935 еңбек заңнамасын бұзу дерегі анықталды. Бұл тұрғыда жұмыс берушілерге 2 604 нұсқау әрі ұйғарым беріліп, заңды тұлғаларға 3 155 әкімшілік құқық бұзу бойынша 335 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген Еңбек министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Осы орайда жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша 16 мыңнан астам жұмыскердің алдында 3 млрд теңге мөлшерінде жалақы берешегі өндірілді.

Айта кетейік, кыркүйектен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті жұмысын бастады

Соңғы жаңалықтар
telegram