16 млн теңге жымқырған «Өркен» спорт мектебі қызметкерлері тергеліп жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Жетісу облысындағы «Өркен» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

16 млн теңге жымқырған «Өркен» спорт мектебі қызметкерлері тергеліп жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, мекеме қызметкерлері 2015-2022 жылдары жұмысқа қабылданып, шын мәнінде нақты жұмыс істемеген алты адамға жалақы есептеу арқылы 16 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз аударған.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды.