16 млн теңгеге қатысты алаяқтық қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған Қазақстан азаматы Мәскеуде ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде «Внуково» әуежайында 16 млн теңгеге қатысты алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Астана ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
«Астана қаласы ІІД Тергеу басқармасымен 1971 ж.т. Тып Станислав Ивановичке қатысты аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Оған халықаралық іздеу жарияланып, Ресей Федерациясының аумағында (Мәскеу қ. «Внуково» әуежайында) ұсталған. Астана қ. ІІД-не 5 жәбірленушеден арыз келіп түсті, келтірілген залалдың жалпы сомасы 16 млн. теңгеге жуық. Қазіргі уақытта Астана қаласы ІІД ұсталынған күдіктіге қатысты азаматтардан оның алаяқтық әрекеті фактісі бойынша арыздар келіп түсуде. С. Тыптың заңға қайшы әрекетінен зардап шеккендер саны бұдан да көп болуы мүмкін. Оның алаяқтық әрекеттері фактісі бойынша азаматтардан шағымдар түсуі жалғасуда, деп нақтылады полициядан. Астана қаласы ІІД Тып Станислав Ивановичтың алаяқтық әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса, келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды: (7172)71-63-34, 71-62-26,ұялы тел: 8701-720-44-53, 8778-461-57-346 немесе«102».