16 сәуір күнгі ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат – 16 сәуірде ел аумағында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Солтүстікте, солтүстік-батыста – қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте, орталықта және шығыста – көктайғақ, бұрқасын, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл болжанады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

16 сәуір күнгі ауа райы болжамы

Қостанай облысының оңтүстік жартысында және батысында, Абай облысының оңтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел күшейеді. Күндіз екпіні 30 м/с және одан жоғары болады.


қолшатыр, зонтик, жаңбыр, жауын
Ұқсас жаңалықтар

3 мамырға арналған ауа райы: жаңбыр, бұршақ және қатты жел күтіледі