16 сәуірде Қазақстанда кей жерлерде шаңды дауыл көтеріледі, шығыста - жауын-шашынды болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 сәуірде Қазақстан аумағы бұрынғыша ауқымды антициклон ықпалында болып, күн ашық болады, кей жерлерде жел күшейіп, бірқатар аудандарда шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлады ҚР ТЖМ сайты.

16 сәуірде Қазақстанда кей жерлерде шаңды дауыл көтеріледі, шығыста - жауын-шашынды болады

«Республиканың шығысында ғана атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, кей жерлерде жауын-шашын болып, тұман түседі», - делінген хабарламада.

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, Жамбыл облысында тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында, түнде және таңертең Алматы облысында кей жерлерде тұман түсуі күтіледі.