16 сәуірде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын, жел, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады
Батыста және оңтүстік-батыста ғана күн ашық болады. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке слтеме жасап хабарлайды.
Ақмола облысында кей жерлерде көктайғақ болып, желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Павлодар, Қызылорда облыстарында - кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Жамбыл, Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, түнде кей жерлерде тұман түседі.
Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Алматы облысында - түнде кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде тұман түседі.
Таяудағы тәуліктерде Жайық өзенінде, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының бірқатар өзендерінде көктемгі тасқын жалғасады, су деңгейі көтеріледі. Қалқұтан ауылы маңында Қалқұтан өзенінде еңіс жерлерде су кемерінен асуы мүмкін. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында кейбір өзендерде су деңгейі артады. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының шегінде Ертіс өзенінде Шүлбі су қоймасынан су жіберілуіне байланысты толқыннның таралуымен су деңгейінің көтерілуі байқалады.