16 сәуір. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 16 сәуір күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Календарь Казинформа
Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

74 жыл бұрын (1951) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Қаржы қызметтері консультативтік комитетінің мүшесі Ерсерік Дәменұлы СИЫРБАЕВ дүниеге келді.

Ерсерік Дәменұлы СИЫРБАЕВ
Фото: old.prg.kz

Шығыс Қазақстан облысында туған. 1974 жылы Омбы теміржол көлігі институтын «электр механигі» мамандығы бойынша, 1987 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1968 жылы Шар станциясында депо фрезершісі ретінде бастаған. 1974 жылы «Казжелдорпроект» институтының инженері, 1975-1988 жылдары КСРО Мемлекеттік банкі Қазақ республикалық конторында инженер, бөлім меңгерушісі болған. 1988-2011 жылдары «Қазақстанның халық жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2011-2012 жылдары «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, 2012-2013 жылдары екінші деңгейлі бірқатар банкте басшылық қызметтер атқарған. 2013-2023 жылдары ҚР банк омбудсмені лауазымында болды.

«Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарімен марапатталған.

66 жыл бұрын (1959) танымал әнші, композитор, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Марат ОМАРОВ дүниеге келді.

Марат ОМАРОВ
Фото: novoetv.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Мәдени-ағарту институтын бітірген.

Шымкент облыстық филармониясында «Ауылым — әнім» ансамблінің әншісі, Қазақ телевизиясының музыкалық редакторы қызметтерін атқарған. 2001 жылдан Астана қаласында Президент оркестрінде және филармонияда қызмет еткен. Ол «Наурыз» шығармашылық қорын, «Балаларды дамыту» қорын ашқан. 2000 жылы Лос-Анджелес қаласындағы FIDOF Әлемдік композиторлар қауымдастығының мүшесі болып қабылданды. Әншінің орындауында «Анашым», «Әке арманы», «Қыз сыны», «Сыңарым», «Әнші балапан», «Қоштасқым келмейді», «Арман қала — Астана», «Мекке-Мәдине», «Наурыз», т. б. әндер бар.

Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, Республикалық «Жігер-87», Халықаралық «Ыстықкөл-89», «Бұқара-90» фестивальдерінің, Ш. Қалдаяқов атындағы республикалық байқаудың, «Азия дауысы-95», «Алтын диск-97» (Ыстанбұл), Франциядағы «Достық әндері» фестивальдерінің, «Каир-2003» (Мысыр) халықаралық байқауының лауреаты.

56 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Серік Жақсығалиұлы БОРАМБАЕВ дүниеге келді.

Серік Жақсығалиұлы БОРАМБАЕВ
Фото: Gov.kz

Павлодар қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Киев жоғары саяси әскери-теңіз училищесін, 2007 жылы РФ ҚМ әскери университетін, 2010 жылы РФ ҚМ әскери университетінің Адъюнктурасын (сырттай), 2015 жылы Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстарын бітірген. PhD докторы ғылыми атағы бар.

Еңбек жолы: 1990-1992 жылдары Қызыл тулы Каспий флотилиясының әскери бөлімдерінде әскери қызмет атқарды. 1992-2004 жылдары жергілікті әскери басқару органдарында әскери қызмет атқарды. 2004-2005 жылдары институт бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары — ҚР ҚМ Әскери-теңіз институтының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы, 2005-2007 жылдары РФ ҚМ әскери бөлімінің тыңдаушысы болды. 2007-2008 жылдары «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының аға офицері», 2008-2011 жылдары институт бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, институт бастығының орынбасары — Әскери-теңіз институты штабының бастығы, 2011-2013 жылдары 29011 әскери бөлімінің командирі — ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары, 2013-2014 жылдары ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары — Бас штаб бастығы, 2014-2015 жылдары ҰҚУ жанындағы БШФ АК тыңдаушысы болды. 2015-2016 жылдары Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары (тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша) — ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы, 2016-2019 жылдары ҚР ҚМ Ақпарат және коммуникация департаментінің бастығы, 2019 жылы ҚР ҚК Бас штабының тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, 2019-2022 жылдары Бас штаб бастығының орынбасары — ҚР ҚК Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, 2022-2023 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы болып қызмет атқарған. 2023-2024 жылдары аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы — ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары лауазымын атқарды.

Қазіргі қызметін 2024 жылдың маусым айынан бері атқарып келеді.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

51 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қуандықұлы ҚЫДЫРӘЛІ дүниеге келді.

 Дархан Қуандықұлы ҚЫДЫРӘЛІ
Фото: ehonews.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1991-1992 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де, 1992-1996 жылдары және Түркияның Мармара, 1996-1997 жылдары Докуз Эйлүл, 1997-1998 жылдары Эгей, 1998-2001 жылдары Ыстанбұл университеттерінде білім алған. 2001 жылы Ыстанбұл университетінде докторлық диссертация қорғап, «философия докторы» ғылыми дәрежесін иеленген, 2010 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-да докторлық диссертация қорғап, тарих ғылымдарының докторы атанған. Тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-ның корреспендент-мүшесі.

Еңбек жолы: 2001-2005 жылдары Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, кафедра меңгерушісі, аппарат жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер, 2005-2006 жылдары Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде доцент, аға ғылыми қызметкер, 2006-2007 жылдары ҚР Президенттік мәдениет орталығында директордың орынбасары, 2007-2008 жылдары ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі қызметін атқарған. 2008-2009 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі, 2009-2012 жылдары ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары, 2012-2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды. 2014 жылдан бастап Халықаралық Түркі академиясының президенті. 2015 жылғы маусымнан Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялар одағы хатшылығының басшысы қызметін қоса атқарады және аталған одақтың ұйымдастырушысы болып саналады. 2015 жылы ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде «Қорқыт мұрасы және Түркі әлемі» атты халықаралық мәдени шараны, 2016 жылы Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар ұйымының штаб-пәтерінде «2030 Жоспары үшін Жібек жолы бойындағы жаңа синергия» атты халықаралық симпозиумды ұйымдастырды. 2016-2022 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы болды. 2018 жылы Халықаралық Түркі академиясының президенті болып екінші мерзімге тағайындалды. 2022-2023 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметін 2023 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.

51 жыл бұрын (1974) Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары Қанат Есіркепұлы МАМАЕВ дүниеге келді.

Қанат Есіркепұлы МАМАЕВ
Фото: Gov.kz

Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы прокуратурасында стажер болып бастаған. 1997-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдарында бірқатар лауазымды атқарды. 2008-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының прокуроры, 2010-2011 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры, 2011-2016 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуроры, 2016-2017 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры, 2017-2019 жылдары Алматы қаласы прокурорының орынбасары, 2019 жылы Қостанай облысы прокурорының орынбасары болды. 2019-2020 жылдары Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

Қазіргі қызметінде 2020 жылдың ақпан айынан бастап.

50 жыл бұрын (1975) Қарағанды қаласы прокурорының бірінші орынбасары Ержан Сәкенұлы БЕРДІБЕКОВ дүниеге келді.

Ержан Сәкенұлы БЕРДІБЕКОВ
Фото: Gov.kz

Қазіргі Түркістан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1996 жылы Маңғыстау облысы Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастады. Маңғыстау облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры, Маңғыстау облысы прокурорының аға көмекшісі, Маңғыстау облысы прокуратурасының экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуроры, Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппараты Хатшылығының Бас прокурорының аға көмекшісі, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының прокуроры қызметтерін атқарған. Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болды. 2019-2022 жылдары Астанада қала прокурорының орынбасары, 2022-2024 жылдары Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметін 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап атқарып жатыр.

Соңғы жаңалықтар