16-шы жазғы Азия ойындарына спортшыларымыз қызу дайындалуда - ҚР Туризм және спорт министрі

/strong>Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтетін 16-шы жазғы Азия ойындарына қызу дайындық жүргізілуде. Оны бүгін ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов Алматыда өткен брифингте мәлімдеді,

16-шы жазғы Азия ойындарына спортшыларымыз қызу дайындалуда - ҚР Туризм және спорт министрі

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Қазақстан спортшылары осы жолғы жарыста жоғары нәтижелер көрсетуі тиіс. Бүгінгі өткен суға жүзу мен дзю-до спорты жөніндегі тыңдаулар қорытындысы бойынша да медальдар жеңіп алуға мол мүмкіндіктеріміз бар.

«Өткен аптада зілтеміршілерге байланысты жиналыс жасаған едік. Біздің жаттықтырушылар спорттың бұл түрінен үлкен жетістіктерге жетеміз деп уәде берген-ді. Олар сөзінде тұрып, Жазира Жаппарқұлова жасөспірімдер арасында алтыннан алқа тақты. Біз мұнан да артық жеңістерге жетеміз деген ойдамын», деді Т. Досмұхамедов.

Қарашаның 12-сі мен 27-сі аралығында өтетін Ойындар спорттың 46 түрін қамтитын болады. Министрдің айтуынша, қазақ спортшылары сол спорттардың барлығынан талқылаулар өткізетін болады.