16 тамыз күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 тамыз күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

9.00-де Назарбаев Университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінде түрік лингвистикасы туралы 19-шы халықаралық конференция басталады.

10.00-де Эталон орталығында «РОССТАНДАРТ» Техникалық реттеу және метрология жөніндегі федералдық агенттігі мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «ГОССТАНДАРТ» техникалық реттеу және метрология комитеті арасында халықаралық кездесу өтеді.

11.00-де «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалында «Индустриялық даму» бағыты бойынша партиялық куратор комиссиясының отырысы өтеді.

11.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Зүлфия Аманжолова, ҚР ҰҚК Шекаралық қызметі Жағалаулық күзет басқармасының бастығы Сабыр Хасанов, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Балық ресурстарын ұлғайту және аквамәдениет басқармасы басшысының м.а. Қадырбек Искалиев Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеу туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.

11.00-де Министрліктер үйінің 13-ші кіреберісінде ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен Заң шығару қызметіндегі мәселелер бойынша Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді.

15.00-де «Қазмедиа орталығында» ҚР Білім және ғылым министрлігі «Адами капитал төртінші индустриялық революция жағдайында» атты ҚР педагогтарының тамыз конференциясының пленарлық отырысын өткізеді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

9.30-да Түркістан облысы әкімдігінің ғимаратында облысы әкімдігінің қызметкерлерін Шымкенттен Түркістан қаласына шығарып салу рәсімі өтеді.

Соңғы жаңалықтар