17:12, 19 Қыркүйек 2011 | GMT +5
16 жасар қыз жеңгетайлардың құрығына ілігіп, жезөкше болды
АЛМАТЫ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда жасөспірім қызды жұмысқа орналастыру желеуімен алдап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 37 жастағы азаматша ұсталды, деп хабарлайды қалалық ІІД-інің баспасөз қызметі.

К. есімді бұл азаматша Алматыға жұмыс іздеп келген Алматы облысы, Іле ауданының 16 жасар тұрғыны Гүлсара есімді жасөспірім қызды жұмыс тауып берем деген желеумен, үйіне қондырып, артынша жезөкшелікке жеккен. Қазір аталған азаматша полиция қызметкерлерінің құрығына ілігіп, қылмыстық іс қозғалды.
Өкінішке қарай, жәбірленуші қыздың ата-анасы кәмлетке толмағанына қарамастан оны жұмыс істеп, табыс тауып жүр деп ойлаған. Жеңгетайлардың құрығынан босаған қыз ата-анасының қолына берілді.