16 жасар Малала Юсуфзайдың портреті 102,5 мың долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістандық жас құқық қорғаушы Малала Юсуфзайдың портреті Нью-Йорктегі Christie's бәссауда үйінің қайырымдылық саудасында 102,5 АҚШ долларына сатылды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

16 жасар Малала Юсуфзайдың портреті 102,5 мың долларға сатылды

Пәкістанда қыздардың сауат ашуын қолдаған шараларға қатысқан 16 жастағы блогер қыз, "Талибан" сарбаздары қастандығынан аман қалған Малала Юсуфзай балаларға арналған халықаралық бейбітшілік сыйлығына ие болған еді. 16 жастағы Малала Юсуфзай өзі тұратын Пәкістанның солтүстік-батысындағы Сват алқабында "Талибан" қозғалысының шариғат заңдарын орнату әрекеттерін сынап, осыдан 6 жыл бұрын блог жаза бастаған еді. 2 жыл бұрын Пәкістанның солтүстік-батысында Малала мен оның екі сыныптасына мектептен қайтып бара жатқанда "Талибан" сарбаздары шабуыл жасады. Мойны мен басына оқ тиіп, ауыр жараланған Малала Ұлыбританияда емделген. Шілде айында ол БҰҰ-ның жастар ассамблеясында сөйлеп, әлем елдері басшыларын әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғауға шақырған.