16 жасқа толған қарағандылықтарға төлқұжаттары салтанатты түрде табысталды
КАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда елордамыз туған күнінде 16 жасқа толған азаматтарға жеке куәліктерін табыстау рәсімі өтті.
«Біз олар туралы мәліметтерді әділет басқармасынан алып, бәрін Астананың құрдастары мерекесіне шақырдық», - дейді Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ирина Любарская. Сонымен 11 адам өз төлқұжаттарын салтанатты түрде алды. Қарағандыда мәдениет және демалыс сабағының жағажайында жергілікті әртістердің қатысуымен «Астананың асқақтығы - мемлекеттің мерейі» атты мерекелік бағдарлама өтуде. Кешке қарай мұнда от өнерлерінің фестивалі өтеді. Онда бүкіл Қазақстаннан жиналған отпен шебер ойнайтын әртістер өз өнерлерін паш етеді.