16 жастағы шымкенттік есірткі жарнамалағаны үшін алты жылға сотталуы мүмкін

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Жас жігітті Еңбекші ауданы полиция басқармасының жедел уәкілдері қылмыс үстінде ұстады.

«Синтетику» изъяли у 19-летнего закладчика в Павлодаре
Фото: Polisia.kz

Кәмелет жасқа толмаған күдікті заңға қайшы «жұмысты» интернеттен тапқаны және маусым айынан бері мегаполис аумағында есірткі заттарын жарнамалаумен айналысқаны анықталды.

Күдікті жігіттен өзі дайындаған жарнамалық жазулары бар парақшалар тәркіленді.

«Полициямен есірткіні насихаттау және заңсыз жарнамалау жайты бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті қамауда. Заңнамаға сәйкес, аталған қылмыс үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Биыл заңсыз айналымнан 19 тоннадан астам әртүрлі есірткі заттары алынды.

 

Соңғы жаңалықтар