16 жастағы елордалық ару «Face of Central Asia» сайысында гран-приді жеңіп алды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қапшағай қаласында 17-20 наурыз аралығында «Face of Central Asia» сайысы ұйымдастырылды. Сайыста Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен барлығы 42 сұла бағын сынады, деп хабарлайды OK-models.
Сайыс16 мемлекеттің қатысуымен он жыл көлемінде өткізіліп келе жатқан Азия фестивалінің аясында өткізілді. Аталған фестивальға Қазақстан алғаш рет қатысқалы отыр.
Сайыс қорытындысы бойынша 14 модель таңдалып алынды, олар Оңтүстік Кореяда өтетін (Сеул) «Asia model Awards» халықаралық фестивальға жолдама алды. Сайыстың бас жүлдесін астаналық OK-models агенттігінің моделі 16 жастағы Иннара Юсупова иеленді.
Иннара енді басқа финалға шыққан 13 сұлумен бірге 19-25 сәуір аралығында өтетін «Asia model Awards» халықаралық фестивальда бағын сынайды.