16 жастағы Ғ.Ізжанов теңге ілуден өткен І ашық Азия чемпионатында жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада төл өнеріміз теңге ілуден Азияның алғашқы ашық чемпионаты өтті, деп хабарлады 24.kz.
None
None

Тұсауы кесілген тұңғыш байрақты бәсекеге 10 елдің ең үздік спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтады. Теңге ілу ойынының ережелері күллі қазақ баласы үшін жақсы таныс. Бірақ алыс-жақын шетелден жарысқа келгендер оны толыққанды біле бермейді. Яғни, сәйгүлік мінген жігіт 100 метрдей жерден екпіндете шауып келіп, сол ағынымен жердегі орамалды іліп әкетуге тиіс. Онда іркілуге, тоқтауға не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды. Осылайша, 10 елден келген спортшылар өз бағын сынады. Бірақ барлығының бірдей жолы болмады. Тек, Оңтүстік Қазақстаннан келген Ғалымжан Ізжанов қана қойылған тапсырманы мүлтіксіз орындап, алғашқы құрлықтық чемпионаттың жеңімпазы атанды. Оның жасы бар болғаны 16-да. Соған қарамастан аттың құлағында ойнап, ерекше ептілігімен көзге түсе білді. Сонымен қатар, Астанадағы атшабарда асау үйретуден республикалық турнир болды.

Соңғы жаңалықтар