16 жастағы шекара бұзушы ұсталды
АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қордай шекара отрядына қарасты «Сортөбе» заставасының шекара наряды мемлекеттік шекара сызығынан 50 метр жерден 16 жастағы қазақстандықты ұстады.
Шекараны бұзушы жасөспірім жалпы салмағы 1,5 тонна болатын киім-кешекке толтырылған 20-дан астам қанар қапшықтарды Қырғыз елінен Қазақстанға өткізбекші болған.
Аталған дерек бойынша тиісті органдар тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.