16 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 16 желтоқсан күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты батыс өңірлерде жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын жауады, солтүстік-шығыста және шығыста – қар түседі. Республиканың жекелеген аумақтарын тұман басып, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

16 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сүйенсек, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жамбыл, Қызылорда облыстарында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Еске салайық, синоптиктер бұған дейін бірқатар өңірде ескерту жариялаған болатын.