16 желтоқсанда ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 16 желтоқсан, бейсенбі күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

16 желтоқсанда ауа райы қандай болады

Қазақстан территориясының басым бөлігіне антициклон ықпал етеді, сондықтан жауын-шашын жаумайды.

Тек еліміздің солтүстігі мен шығысында Солтүстік-батыс циклонның әсерінен қар жауады, жаяу бұрқасын көтеріледі.

Еліміздің кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, батысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын соғады, жел жылдамдығы - 15-20 м/с шамасында.

Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады. О ңтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын мен тұман болады, батысында жел жылдамдығы - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аймақтарда, түнде және таңертең Түркістан, Алматы облыстарының оңтүстігінде, тау бөктерінде тұман түседі.

Түнде Атырау облысының шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, орталығында шаңды дауыл болады.