16 жыл күткен сусиыр дүниеге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексика астанасы Мехикодағы хайуанаттар бағында көптен күткен оқиға болды. Мұнда соңғы 16 жыл ішінде алғаш рет сусиыр дүниеге келді, деп хабарлайды 24.kz.

16 жыл күткен сусиыр дүниеге келді

Чапультепек бағының жаңа мекендеушісі тез арада жергілікті тұрғындардың сүйіктісіне айналып үлгерген. Салмағы 40 келіге жуық. Енді ол аяққа тұрып кетпейінше, алдағы бір жыл ішінде анасының қасында болмақ. Ал аталмыш хайуанаттар бағының әкімшілігі келушілерге сүйікті сусиырына ат таңдау ұсынысын жасап отыр.