160 бала «электрондық үкіметтен» сыйлық алады
АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Балдырған» акциясының қорытындысы бойынша қазақстандық 160 бүлдіршін eGov порталынан сыйлыққа ойыншықтар алады.
Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
Олардың есімдерін «электрондық үкіметтің» порталынан табуға болады: https://www.egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/library2/extra/dop%20stat/article/bal1909&lang=kk (қазақша)
https://www.egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/library2/extra/dop%20stat/article/bal1909&lang=ru. (орысша)
Акция жаз бойы 1 маусымнан 31 тамызға дейін өтті. Іс-шараның шарты бойынша сыйлықтарды «Мектепке дейінгі жастағы баланы балабақша кезегіне тіркеу» қызметін пайдаланған әр 6-шы ата-ананың баласы алады. Ол үшін электрондық-сандық қолтаңба (ЭСҚ) болуы шарт емес, бар болғаны баланың ЖСН-ны, немесе толық аты-жөні мен туу туралы куәлігі болса жеткілікті.
Баланы балабақшаға орналастырудың бұл түрі дәстүрлі түрінен анағұрлым тиімді. Ешқайда барудың, сансыз кезектерде тұрудың қажеті жоқ. «Электрондық үкімет» порталында ата-ана бар-жоғы бірнеше минутта арызды толтырып, жіберсе болды, ХҚКО-ға немесе білім басқармасына бармай-ақ қоюға да болады. Есепке қою туралы хабарлама қолданушының жеке кабинетіне 3 жұмыс күнінде келіп түседі.
Кезектің жылжуы туралы ақпаратты «балабақшаға кезектің нөмірін көру» қызметі арқылы бақылап отыруға болады. Ол порталдың бас бетінің оң жағында тұрады. Сонымен қатар, бұл қызметті баласын балабақшаға дәстүрлі жолмен тізімдеген ата-ана да пайдалана алады.
Қызметтің барлық түрлері туралы сұрақтарға call-орталықтың мамандары жауап береді немесе 1414 нөміріне хабарласуға болады. Қазақстанның кез келген жерінен ұялы және үй телефондарынан қоңырау шалу - тегін.