160 миллион рубль ұрлаған хакерлер Мәскеуде ұсталды

АСТАНА. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Lifenews агенттігінің хабарлауынша, Мәскеуде Ресей ІІМ қызметкерлері ел аумағы бойынша коммерциялық ұйымдардан кем дегенде 60 млн рубль жымқырған хакерлер бандасын құрықтады.

160 миллион рубль ұрлаған хакерлер Мәскеуде ұсталды

8 адамнан құралған банданы 26 және 29 жасар ағайынды мәскеуліктер басқарған. «Топ мүшелері "Carberp" және "RDP-door" деп аталатын трояндық вирустарды «Банк-Клиент» жүйесімен жұмыс жасайтын ұйымдардың компьютерлеріне жіберіп, сол жүйелердегі ақшаларды жымқырып отырған», - дейді РФ ІІМ қызметкерлері.

Хакерлер фирмалардың ақшасын алдын ала дайындалған шоттарға аударып, содан кейін оны бірнеше шоттар арқылы «ізін суытып» барып, жалған тұлғалардың атына рәсімделген карточкаларға түсіріп, сосын қаланың әр жеріндегі банкоматтардан шығарып алып отырған көрінеді.