160 млн теңгені жымқырған теміржол күзетінің басшылары 7-8 жыл түрмеде отырады

АСТАНА. KAZINFORM - Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС бас директоры Б. Нахановқа, оның орынбасары А. Мұқатаеваға және менеджер Р. Сидиковқа үкім шығарды. 

вагон
Фото: Kazinform

Олар бейнебақылау жабдықтарын сатып алуға бөлінген 159,4 млн теңге ақшаны жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ, Наханов әскерилендірілген теміржол күзетінің жүргізушісі ретінде адамды жұмысқа орналастыру арқылы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

Сот үкімімен Нахановқа 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сол үкіммен Мұқатаева мен Сидиков 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар