160 мың долларға ана «сатып алғысы» келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Сычуань провинциясының тұрғыны анасының болғанын қатты қалайды екен. Тіпті оның анасы болуға келісім берген кез келген әйелге 1 млн. юань (160 000 доллар) беруге әзір.
30 жастағы Куан-Йинь Цуйдың бұл ұсынысы Қытай ғаламторларын дүр сілкіндірді, деп жазады шетелдік БАҚ.
Тұрғындардың айтуына қарағанда, Куан-Йинь күн сайын Фангу саябағында отыратын көрінеді. Ол тіпті ана іздеу үшін арнайы плакат та іліп қойыпты. Ер адамның «анасына» қойған талаптары бойынша, әйел адамның жас шаамсы 57 жас болу керек, білімі бар және есірткі қолданбаған болу шарт. Оның сөзіне қарағанда, соңғы шешімді, әрине, өзі қабылдайды. Егер ол әйелге қандай да бір мейірімділік сезінсе, анасы етіп қабылдауға әзір екен. Куан-Йинь Цуй балалар үйінде өскен. Сондықтан да ол ана мейірімі мен әке махаббатынан, қолдауынан шет қалған болатын.