160 мың евроға сатылған сурет түпнұсқа болмай шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық бизнесменнің 160 мың евродан астам қаржыға сатып алған суретінің түпнұсқа еместігі әрі жойылатындығы ескертілді.
1992 жылы Мартин Ланг танымал қылқалам шебері Марк Шагалдың өнер туындысын сатып алған болатын. Алайда уақыт өте келе ол суреттің түпнұқса екендігіне күмән келтіріп, оны тексеру үшін Париждегі Шагал комитетіне жіберген.
Шагалдың беделін қорғау мақсатында оның ұрпақтарының қатысуымен құрылған комитет суреттің түпнұсқа емес екендігін анықтады. Енді Франция заңына сәйкес жалған өнер туындысы жойылуы тиіс, деп хабарлады ВВС.