17-18 мамыр күндері Астанада күн суытады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ ТЖК Астанада күн суытатыны туралы ескертті.

17-18 мамыр күндері Астанада күн суытады

«16 мамырда Астанада көбіне жаңбыр түрінде жауын-шашынды болады, 17-18 мамырда түнде -1...-3 градусқа дейін суытады», - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында да ауа температурасы төмендейді.