17-19 мамырда еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 17-19 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

17-19 мамырда еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады

«Жауын-шашын, кей жерлерде сулы қар туындатқан суық атмосфералық фронт, солтүстік облыстардан оңтүстік-шығысқа қарай жылжып келеді. Алдағы тәуліктерде осы фронттарға байланысты республиканың орталық аудандарына жауын-шашын жауып, шығысына екі тәулік бойы - арты сулы қарға ауысатын, жауын-шашын түседі. Сондай-ақ суық фронттың өтуіне қарай, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында - жаңбыр, таулы аудандарының оңтүстік-шығысында - қатты жауын күтілуде. Ал республиканың солтүстік аудандарына Батыс Сібір аумағынан суық антициклон жылжып келеді. Соған байланысты ол жерлерде түнгі уақытта үсік сақталып, ол облыстың орталығы мен шығысына жайылатын болады, сондықтан алдағы үш тәулікте осы облыстардағы температура әдеттегіден 2-6º төмен болады», - деп жазылған хабарламада.