17 272 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 17 272 адам коронавирус инфекциясынан (–16 971+ және 301 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың ішінде 435 пациент стационарда, 16 837 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 11 адамның жағдайы ауыр,
• 8 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.