17-30 тамыз аралығында ҚР Конституциясы күніне орай әскери шеруге дайындыққа байланысты кейбір авиарейстердің кешігуі мүмкін -«Эйр Астана» әуе компаниясы

АЛМАТЫ. 17 тамыз. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - «Эйр Астана» әуе компаниясы тамыздың 17-30 аралығында ҚР Конституциясы күніне орай әскери шеруге дайындыққа байланысты кейбір рейстердің кешігуі мүмкін деп хабарлайды.

17-30 тамыз аралығында ҚР Конституциясы күніне орай  әскери шеруге дайындыққа байланысты кейбір авиарейстердің кешігуі мүмкін -«Эйр Астана» әуе компаниясы

Бүгін Астана әуежайына жақын жердегі әуе жолдарының жабылуына байланысты Алматы - Астана бағытының KC 851 рейсі, Астана - Алматы бағытының KC 852, Павлодар - Астана бағытының KC 316 және Өскемен - Астана бағытының KC 346 рейстері уақытынан кешігіп қонды.

Әуе жолдарының жабылуы ҚР Конституциясы күніне арналған шеруге дайындық аясында жүргізілген әскери жаттығуларға байланысты болған. Алдымен әуе дәлізі сағат 9.30-дан 12.00-ге дейін жабық болды. Одан кейін жабылу сағат 13.00-ге дейін жалғасты.

Алматы - Астана бағытының KC 851 рейсі сағат 8.40 орындалуы керек болатын. Ұшу алдымен сағат 10.20-ға, сосын 11.15-ке ауыстырылған. Ал, Астана - Алматы бағытының KC 852 рейсі сағат 11.25 ұшудың орнына сағат 14.00-де ұшады.

Павлодар - Астана бағытының KC 316 және Өскемен - Астана бағытының KC 346 рейстерінің уақыты сағат 11.30-ға ауыстырылды. Кесте бойынша KC 316 рейсі сағат 10.00-да, ал, KC 346 рейсі сағат 10.30 орындалуы керек болатын.

«Әскери жаттығулардың 30 тамызға дейін жалғасуына байланысты басқа рейстердің қанша уақытқа кешіктірілетінін болжау қиын. Сондықтан, жолаушылардан жаңа ақпараттарды әуе компанияның www.airastana.com ресми сайтынан және мына телефондар: +7 727 244 44 77 арқылы біліп отыруларыңызды сұраймыз»,-дейді «Эйр Астана» әуе компаниясының баспасөз қызметі.