17 824 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 31 тамыздағы мәлімет бойынша, 17 824 адам коронавирус инфекциясынан (–17 486+ және 338 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың ішінде 573 пациент стационарда, 17 251 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
18 адамның жағдайы ауыр,
6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.