17 ақпан. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 17 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтының аспирантуарсын бітірген.
Еңбек жолы: 1959-1988 жылдары – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Тарих, археология жәнее этнография институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директорының орынбасары, директоры. 1986-1992 жылдары – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Ұйғыртану институты жанындағы Шығыстану орталығының жетекшісі қызметтерін атқарған.
Бірнеше кітаптың авторы, 240-тан астам ғылыми еңбектері жарияланған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальмен марапатталған.

Ф.Э. Дзержинский атындағы КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы МҚК Жоғары шекаралық командалық училищесін (1980); М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияны (1992) бітірген.
Еңбек жолы: КСРО МҚК Қызыл Тулы Шығыс шекара округінде және Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметінде түрлі лауазымдарда; ҚР ҰҚК шекара қызметі барлау бас басқармасының бастығы; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры (2008-2011); ҰҚК Академиясы бастығының кадрлар жөніндегі орынбасары (2011-2012); «ҚазТрансОйл» АҚ қауіпсіздік жөніндегі бас директорының кеңесшісі (2012-2016); «ҚазТрансОйл» АҚ омбудсмені (2016-2018); «ҚазТрансОйл» АҚ Қазтехнология» басқарма төрағасы (2018 жылдан).
6 ведомстволық наградамен; Қазақстан Республикасының, Ауғанстан Республикасының 12 медалімен марапатталған.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылында туған. 2008 жылы Шымкент әлеуметтік-педогогикалық университетінде дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітіріп, дене шынықтыру және спорт біліктілігі және бакалавр академиялық дәрежесі берілген. 1998 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде құқықтану мамандығын бітіріп, заңгер біліктілігін алған. 1989 жылы Қазақ химия-технологиялық институтына оқуға түскен, 1994 жылы инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігінде спорттан нұсқаушы болып бастаған. 1997 жылдан бастап 2000 жылдар арасында «Динамо» сауықтыру спорт кешенінде спорттан инспектор болып істеген. Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі Істер бас басқарма полициясының аға лейтенанты, сондай-ақ ОҚО кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушы-оқытушы болып қызмет атқарған. 2000 жылдың 18 қаңтарынан бастап 2008 жылдың 15 сәуіріне дейін ШФ «Казкоммерцбанк» АҚ-ның қауіпсіздік бөлімінің инкассация қызметінің бастығы болып істеген. 2008 жылдың сәуірінен бастап Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.
1987 жылы 15 жаста бокстан Кеңес Одағының Чемпионы және КСРО спорт шеберін алған. 18 жасында Еуропа Чемпионы, Еуропаның «Үздік боксері» атанған. 1988 жылы Халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері, 1995 жылы «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері» атағын алған. Халықаралық аренада спорттан елеулі жетістіктерге жетіп, ел намысын қорғап, талай-талай Қазақстан Республикасының ән ұранын шырқатып, туын желбіреткен. Қазақстанның 6 дүркін чемпионы, КСРО-ның 4 дүркін чемпионы, Азия және Азия ойындарының 2 дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы, Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері. Алтын белбеу иегері. 1996 жылы Атлантада (США) өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы (5-орын). Қазақстан құрама командасын басқарып, 5 жыл ұлттық құрама командасының капитаны болған. Спорт мансабында 52 медаль ұтып алған. Оның ішінде: 35 алтын, 9 күміс, 8 қола медальдарының иегері.