17 ақпанға арналған ауа райы болжамы ұсынылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан аймақтарында 17 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультация жарияланды.

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы ұсынылды
Фото: Kazinform

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қар жауады.

- Солтүстік-батысында қалың қар жауады, оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек республиканың солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде антициклонның жотасының әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Еліміздің солтүстігінде, батысында бұрқасын болып, екпінді жел тұрады, - делінген хабарламада.

Еске салсақ еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланған еді.

Соңғы жаңалықтар